Ғ. Орманов «Ана»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№148 қазақ орта мектебі

Пәні: ана тілі

Сыныбы: 4

Бастауыш сынып мұғалімі: Нұралиева Зухра Хабибуллақызы

Сабақтың тақырыбы:Ғ.Орманов «Ана»

Сабақтың мақсаты :

А)Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп ,мәнерлеп оқу. Автор туралы білімдерін кеңейту.

Сауатты оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Ә)Тәрбиелігі: Ананы жақсы көріп сыйлауға ,құрметтеп аялауға

тәрбиелеу.Өз елін сүюге,патриатизмге тәрбиелеу.Жамандықтан аулақ,істеген істерін әрқашан ойланып істеуге,

Ақылды болуға,ата-ананы ,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін , еркін сөйлеу дағдысын ,сөздік қорын,шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік,әңгімелеу, сұрақ-жауап,топтау,кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелер, автор суреті,кестелер.

Сабақтың байланысы: қазақ тілі, бейнелеу,орыс тілі.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеп , амандасу.Сыныпты үш топқа бөлу.

/-топ « Айгөлек» //-топ « Балдырған» ///-топ «Балбөбек»

2.Психологиялық дайындық

Сәлем алтын күнім менің

Сәлем аспан көгілдір

Сәлем досым, ұстаздарым

Қуанышты күн бүгін!

3.Үй тапсырмасын тексеру

«Айгөлек» тобы: Журналдардан «Бала тілі-бал деген айдарынан мәтіндегі оқиғаға ұқсас әңгімелер жинастыру.

«Балдырған» тобы:Мәтінді сахналау

«Балбөбек» тобы : Ана туралы өлеңдер жаттау.

4.Өткенді пысықтау «Гүл сыйлау» ойыны

«Қызыл гүл»Мишаныңсоңғы сұрағына анасы қалай жауап береді деп ойлайсың?

«Ақ түсті гүл» Аналарың үйде қандай тыйым сөздер айтып отырады?

«Сары түсті гүл»Дүниеде ең жұмсақ не,ең тәтті не?

«Жасыл түсті гүл»Жұмбақ : Отынсыз ,сусыз піскен ас,адамның бәрі ішкен ас.

«Көк түсті гүл» Ананың жүрегі неден аурады деп ойлайсыңдар?

5.Жаңа сабақ«Адасқан әріптер» ойыны

Айгөлек -е,і,а,ә,ү (жуан дауысты дыбыс)

Балдырған -б,г,н,ж,з (үнді дауыссыз дыбыс)

Балбөбек-л,к,қ,н,р,а (дауысты дыбыс)

«Ана» сөзі шығады. Ана бәрінен де қымбат жан.Сендерге өмір сыйлап,түн ұйқысын төрт бөліп,мәпелеп аялап,әлдилеп өсірген жан.Ананың жөні басқа.Ананың қарызын үш рет Меккеге арқалап апарсаң да өтей алмайсың деген сөз бар.Барлық ана өз баласының тілеуін тілеп жүреді.Сондықтан аналарды сыйлау,құрметтеу ,айтқан әрбір ақылын тыңдау әр баланың міндеті.Ана туралы тақырыпты барлық ақын өз шығырмаларына қосып отырған.Ендеше ,балалар бүгін Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

6.Автор туралы түсінік

Ғали Орманов 1907 жылы Алматы облысы Қапал ауданы,Ешкіөлмес деген жерде дүниеге келген.

Жас күнінде балалар үйінде тәрбиеленген.Бастауыш мектепте сауат ашып,кейін Алматыдағы халық ағарту институтын бітірген соң ,біраз жыл мұғалім болып қызмет атқарады.Алғашқы өлеңдер жинағы «Шеңбер» , «Емен», «Бөбек жүрегі».Бірнеше орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде аударған.

7.Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді мұғалімнің оқуы.

2.Үш топ оқушыларына тізбектетіп оқыту.

3.Мазмұнын ашу.

8.Сергіту сәті

9.Дәптермен жұмыс

Ой толғау: Шығармашылық жұмыс

Айгөлек тобы: Өлең ұйқасын табу

Анамды...............(сыйлаймын)

Ақылын . . . . . . . .(тыңдаймын)

Айтқан. . . . . . . . . .(тілін аламын)

Мен . . . . . . . . .баламын (әдепті)

Балдырған тобы: Мақал -мәтел құрастыру

Балбөбек тобы: Өлеңдегі тірек сөздерді пайдаланып Анаға деген ақ тілегіңді білдіріп хат жазу.

Сабақты қорытындылау: «Күн шуағын шашады» ойыны

жақсылық

Бақыт Ұзақ өмір

Анаға тілек зор денсаулық

Қуаныш

Байлық Шаттық

Хор :«Әрқашан күн сөнбесін»

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма : «Айгөлек» тобы Сөзжұмбақ құрастыру

«Балдырған» тобы «Анаға сыйлық» сурет салу

«Балбөбек» тобы « Менің анам қандай жан?» Эссе жазу.


© 2010-2022