Ж. Карбозин Жиырма тиын

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж. Карбозин Жиырма тиынТақырыбы: Жәнібек Кәрбозин «Жиырма тиын»

Мақсаты: Жәнібек Кәрбозиннің "Жиырма тиын" әңгімесі бойынша білім беру

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту .

Тәрбиелік: Үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд,сызбалар

Типі: жаңа білімді мегерту

Түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика

Технология: С.Т.О.

Стратегиялар: Венн диаграммасы,топтастыру,Блум таксономиясы,теріп алу,сұрақ-жауап,Семантикалық кесте.

Өткізілетін мерзімі:

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту:

1.1. Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Мен өзіме және өзгелерге,ашық аспан тілеймін! Мен өзіме және өзгелерге,нұрлы күн тілеймін!

Мен өзіме және қонақтарға шығармашылық табыс тілеймін

Балалар - гүлім менің,

Балалар - күйім менің.

Балалар - нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің - дей отырып,балалар, сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Мақалды түсініп оқы.

Сараңда бар болса да - жоқ
Жомартта жоқ болса да - тоқ.
2.Жомарттық сөзіне мағынасы жуық сөздерді ата.
Жомарттық - айтқан сөзіңді орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау
3.Мақалға сүйеніп «жомарт» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді ата.

4.М. Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3.1.Ой қозғау: Топтық жұмыс:
І. топ.
Санды ретімен қойып шық. (Шешуі: жиырма)
М Ы Ж И Р А
6 5 3 1 2 4
ІІ. топ.
А - әріптерін алып таста. (Шешуі: тиын)
Таиаыана.
ІІІ. топ.
С - әріптерін алып таста. (Шешуі: Жәнібек)
Жсәснсісбсескс
ІҮ. топ.
Әр екінші әріпті сызып таста. (Шешуі: Көрбозин)
Каәорыбаонзтижн
Ү. топ.Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

Дұшпан күлдіріп айтады,

... ... ... .

ҮІ. топ. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

Жүз сом ақшаң болғанша,

... ... ... .

Қарамен жазылған сөзге мән берейік. Сол сөздерге мәндес сөз айтып көрейік.
Жүз сөзіне мәндес сөз айтып көрейік. Адамның жүзі, пышақтың жүзі, үш жүз кіші, орта, ұлы жүз. Сан жүз үш таңбалы.
Сом, ақша, тиын теңге.
Дұрыс айтасыңдар теңге біздің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Теңге - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді.
Теңге авторы Тимур Сүлейменов 1943жылы 14 ақпанда туылған.
Ақша - тауар алмасу құралы.

Ақша туралы топтау: Сызбамен жұмыс:
Ел аты ---------------ақша
Қазақстан ----------доллар, теңге
АҚШ------------------рубль, доллар
Ресей---------------- теңге ,рубль
Қытай ----------------риал. юань
Ал сендер қандай теңгелерді көп қолданасыңдар?
20 теңге 2007 жылы 30 наурызда бекітілген.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін теңгені тиын түрінде қолдандық.
Бүгін біз Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесімен танысамыз.
Тиын көрсету. (Кеңес Одағы кезіндегі жиырма тиын)
1993жылы 15 - қарашада еліміздің төл ақшасы дүниеге келді. Бұрын сом, тиын десек, қазір өзіміздің төл теңгеге ауыстық.
ІҮ. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ.

1.Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.
2.Мәтінмен жұмыс:

А) Мәтінді мәнерлеп оқып беру. (іштей оқу)

Ә) «Болжау» стратегиясын пайдаланып мәтінді 3-бөлімге бөлу.

Б) Бөлімдерге тақырып қою.

І бөлім: Алтай апасының өтінішімен дүкенге кетті.

ІІ.бөлім: Қардың арасын қарап жүрген Қанат.

ІІІ. бөлім: Алтайдың істеген адамгершілігі.

Б). Сөздік жұмыс:

Милығына-«милық»-маңдайдың бас киім жауып тұратын жері.

Тымақ-аң терісінен тігілген суықта киетін бас киім.

Сегіту сәті:

Кім үлкенді тыңдаса, Үлкен болған кезінде,

Кім үлкенді сыйласа, Сыйлы болмақ өзі де.

Ү. Ойтолғаныс:

Блумның таксономиясы:
1. Жетекші сұрақтар: Алтайды апасы қайда жұмсады? Ары қарай не болды?
2. Түсіндіріп талдау сұрақтары: Қай жері қызықты болды?
3. Жинақтау сұрақтары: Оқиға неге бұлай аяқталды, басқаша аяқталғанда не болар еді?
YІ.Жаңа білімді түсінгенін тексеру: Топтық жұмыс:
I топ. Венн диаграммасы

Алтай Асан
Мейрімді бала өз басын ойлайды
Қамқорлы дос кетіп қалады
Көмектесті
II топ. Ақша не үшін қажет? 20-тиын қай кездегі ақша еді? Қазір нан қанша тұрады?

Теңге - 1993ж. 15 - қарашада шықты
Тауарға төленеді
Қызметкерге төленеді
банкте сақталады
еңбек етіп табасың
III топ. Мәтіннен қандай тәрбие алдық?
Жақсы.............
Жаман.............
IV топ. Келешекте Қанат кіммен дос болады деп ойлайсыңдар?

Ү. топ. Семантикалық кестемен жұмыс.

Іс-әрекет сөзі,кейіпкер

Қанат

апасы

Алтай

Асан

Дүкенге барып келе ғойшы.


Үнемі маған:

«Бар,бар!» дейсіз

Осы араға тиынымды жоғалтып алдым!

Мен қалтамдағы 20 тиындықтың біреуін оған ұсындым

Рахмет! Жақсылығыңды ұмытпаспын

Дұрыс істегенсің.

Мұның

адамгершілікке жатады

ҮІ. топ. «Теріп алу» стратегиясы бойынша Алтайға мінездеме беру.

Ақылды,мейірімді,қатыгез,қайрымсыз,өзімшіл,адамгершілігі мол,тіл алғыш,қайырымды.

ҮІІ. Бекіту:

1.Біз немен таныстық?

А) Өлеңмен

Ә) Мысалмен

Б) Әңгімемен

2."Жиырма тиын"әңгімесінің авторы кім?

А) Мұзафар Әлімбаев

Ә)Машқар Гумеров

Б) Жәнібек Кәрбозин

3.Әңгіменің авторы қай жылы дүниеге келген?

А) 1930ж

Ә) 1933 ж

Б) 1954 ж

4. Әңгіме не туралы айтылған?

А) Жақсы - жаман жайлы

Ә) Мақтаншақ, даңғой жайлы

Б) Адамгершілік жайлы

5.Әңгімедегі басты жағымды кейіпкер.

А) Алтайдың анасы

Ә) Қанат

Б) Алтай

ҮІІІ. Рефлексия:

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Нені оқып үйрендік?

Мәтінді оқыдық

Ж.Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесімен таныстық
Ақша түрін таныдық
Қайырымды, қамқор болуды үйрендік

"Басыңа іс түссе,жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді"- деген мақалдың мәтінге қатысы бар ма? Болса қандай?

Апасы Алтайға неге риза болды?

Алтай қандай бала? Осындай жағдайға тап болсаң, қайтер едің?

Сол уақытта қай жыл мезгілі еді?

Өзіңнің қолыңда алпыс тиын бар болса, қанша нан алуға болады?
ІХ. Үйге тапсырма: Әңгімені түсініп оқу. «Менің досым» эссе жазу.

Х.Бағалау

Ұлан аудандық білім бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ





Ж. Карбозин Жиырма тиын









Бастауыш сынып мұғалімі:

Алимбаева Алмаш Ирнегалиевнв

2014-2015 оқу жылы

Бозанбай ауылы

© 2010-2022