Қазақ тілінен қмж тақырыбы Дауыссыз к мен г (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Реті: 1

Сыныбы: 2 «а»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Дауыссыз к мен г

Мақсаты:

Дауыссыз дыбыстар туралы ақпарат беру.Дауыссыз к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,ол г-ге айналатынын үйрену. Топта бірлесіп жұмыс жасау.

Тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:

Білімділік - к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;

Дамытушылық - Ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік - Ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері:

  • дауыссыз дыбыстар туралы ақпарат алады.

  • дауыссыз к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналатынын үйренеді

  • шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді;

  • білімдерін жүйелейді, жетілдіреді.

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады

Әдіс-тәсілдері:

«Ой қозғау», «Бір сөзбен», «Жүгіртпе қағаз»

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекі құралдары:

Оқулық, постерлер, таратпа қазғаздар, ПЖ.

Негізгі ресурстар:

Қазақ тілі оқулығы 2 сынып Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова 2013 ж

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Кезеңдері,уақыты

және ескертулер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі (7мин)

  1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына қадағалау.

Оқушылар амандасады.

Кезекші сабақта неше оқушы жок екенін айтады.

Ынтымақтастық атмосферасын құру: Дайындықтарын тексеріп, зейіндерін өзіме аударамын.Дәптерлерін таратып, партада дұрыс отыруын қадағалаймын. Тренинг.

Армысың, асыл күн.

Армысың , көк аспан.

Армысың, жан досым.

Жылуыма жылу қос.

Міне менің қолым!

Сыныпты топқа бөлу. Қатаң, ұяң, үнді. Таратпа қағазға дауыссыз дыбыс түрлерін жазу.

Әр окушы қима қағаздағы жазу арқылы 8 кісіден 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин)

Ереже, 5-жаттығуды тексеру

1. К мен г дыбысы қандай дауыссыздарға жатады?

2. К -дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

3. Г -дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Мағынаны тану

(20 мин)


«Ой қозғау» әдісі. Оқушыларға жұмбақ шешуді ұсынамын.

Иесі оның сәби,

Әрі төсек, әрі үй? (бесік)

-Неше буын?

  1. -Қандай дыбыспен аяқталады?

-Осы сөздің соңына дауысты дыбыс қосып айтайық. Қандай өзгеріс байқадыңдар?

1-жаттығу Өлеңді түсініп оқу: Бесік, жөргек сөздернің алдына менің, сенің, оның сөздерін қойып жазу.

-Қорытынды шығару.

-Дәптермен жұмыс: Күнді жазу, көркем жазу минуты. Кк Кк Кк

Көбелек-көбелегі, көрік-көрігі, жүрек-жүрегі.

Сергіту сәті:

Дауылға да қарама.

Жауынға да қарамай.

Балықшылар айдында.

Ау тартады жағалай.

2-жаттығу: Суреттегі заттардың аттарын үлгіге қарап жазу. Улгі: Көжек-көжегі, көйлек-көйлегі, үйрек-үйрегі, есек-есегі.

3-тапсырма: -Топпен жұмыс: Сөздерге у, і әріптернің тиістісін жалғап жазу:

1 топ- Терек, бүк, тік, күрек, көлік.

2 топ- Көжек, төк, кірпік, кебек, үтік. 3 топ- Шелек, тірек, серік, сөк, елік.

Қорытынды шығару. Қорғау.

Оқушылар жұмбақты шешеді. Сұрақтарға жауап береді. Ержеге сүйену.

Бесік+і=бесігі

Бе-сі-гі 3 буын бар

Өлеңді бірнеше оқушы оқиды. Топпен тапсырманы орындайды. Қорғайды.

.

Тақтаға шығып, кезекпен жазады.

Топпен шығып қорғайды.

Қорытынды

«Жүгіртпе қағаз» әдісі. Топ ішінде к дыбысына аяқталатын сөздерге мысал келтіру, келесі топқа дауысты дыбыс қосып оқуға беру.

Үйге тапсырма

3жаттығу орындау. Ереже

Рефлексия (5 мин)

«Бір сөзбен» әдісі

*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

- Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.



© 2010-2022