Суықторғай М. Зверев ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы

«Жансугуров атындағы орта мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Имамукаметова З.Ж.

Тақырыбы : М. Зверев «Суықторғай» (4 класс)

Мақсаты: 1.М.Зверевтің шығармасымен таныстыра отырып,мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2.Сұрақтарға жауап беру арқылы жағдаяттардан шыға білуге үйрете отырып,шығармашылық қабілеттерінарттыру.Сөздік қорын байыту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3.Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту арқылы, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекіліктер: слайдтар.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың жоспары мен барысы:

1.Психологиялық дайындық (сергіту сәті«Көңілді күн»)

2.Топқа бөлу(суреттер арқылы )

3.1слайд Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды

Айтыңдаршы,балалар,

Бұл қай кезде болады?

-«Қыс »дегенде ойларыңа не оралады?(2 слайд)

-Ендеше, қаһарлы қысқа төтеп беру үшін не қажет?

4.-Үй тапсырмасы«Ақ боран»әңгімесі бойынша ой бөлісейік.

Ойын:«Әдебиет лотосы» әр оқушы сызбаны толтырады.

Авторы-Шығарманың аты-Кейіпкері-Оқиғаның негізгі түйіні-Шығармада басты шешімді кім жасады?-Оқиға қалай аяқталды?

5.«Миға шабуыл» сұрақ-жауап әдісі.

-Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?

-Қасым қайда оқиды?

-Ол нені есіне алады?

-Қасымның боранда адаспауына не себеп болды?

-Қасымның орнында сен болсаң не істер едің?

-Жылқы жөнінде не білесің?

-Автор бұл әңгімені неге жазды деп ойлайсың?

6.«Ойландырар сұрақтар» оқулықпен жұмыс.

1топ-Мәтіннен қыстың суретін беретін жолды тауып,оқы.

2топ-Боранға адамның қимылын бере суреттейтін жолды тауып,оқы.

3топ-Қасымның үлкенді тыңдайтыны,байқағыштығы,шыдамдылығы туралы айтылған жолдарды тауып, оқы.

7.Үйге берілген тапсырманы тексеру

1 топ «Қыс қызығы»

2топ «Біздің ауылдағы қыс»

3топ «Қысқы мейрамдар» тақырыбына жазған шығармаларын тыңдау.

8.Сабақтың тақырыбын анықтау

-Көзімізді жұмып,тыңдайықшы.Бұл ненің дыбысы?( релаксация)

9.Жаңа сабақ

Құстар туралы әңгімелеп, айту.Құстар туралы жаңа ,қызықты ақпараттар беру.Қыстайтын құстар, соның ішінде суықторғайға тоқталу.(суықторғай суреті).

10.Автор туралы ақпарат(М.Зверевтің суреті)

11.Оқулықпен жұмыс Әңгімені түсініп оқыған жағдайда біз суықторғай туралы тың деректер білеміз.Азат жол бойынша КЕЗЕКПЕН оқыту.

12.Сөздік жұмысы

Бедері- ізі, белгісі

Аш өзегіне түсіп кетпесін-көп күн аш болғаннан кейін бірден қатты тойып тамақ ішуге болмайды

Қонданып -оңалып,семіріп,толықсып

13.Мәтінмен жұмыс(Қім жылдам?)

-Мәтін не туралы?

-Суықторғайды тауып алған кім, оны қайда алып келді?

-Құс неге ұшып кетпеді?

-Суықторғайдың аянышты халі (қөзі,жүрегі,денесі) суреттелген тұсты тауып,оқы.

Құсқа қандай қамқорлық жасалды?

14.Топпен жұмыс

1топ- Құстарға қатысты ырым-тыйым.

2топ-«Құстар-біздің досымыз » 4жол өлең.

3топ- «Құстарға қамқорлық»шағын шығарма жазу.

15.Қорытындылау.

-Қыстап қалатын құстар туралы не білдіңдер?

-Олар неге ашығады?

-Біз қандай көмек көрсете аламыз?

Үйге тпасырма беру,топ басшылармен бірге бағалау.


© 2010-2022