Сауат ашу сабағы Мемекеттік тіл

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 сынып. Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің мемлекеттік тілі- қазақ тілі екенін ұғындыру.Ел тарихын білуге шақыру.Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан рәміздері, тест тапсырмалары,тіл жайлы нақыл сөздер,карта.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.«Біздің елтаңба» мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткен сабақты қорыту.

Рәміздеріміз жайлы не білеміз? Авторларына,белгілеріне тоқталып өту.

Жаңа сабақ.

Сұрақ: 1. Қай тілде оқисың ,сөйлейсің?

2.Тағы қандай тілді білесің?

3.Әртүрлі тілді білудің пайдасы бар деп ойлайсың ба? Ол не үшін керек?

4.Үйіңде ата-анаң қай тілде сөйлейді?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:« Мемлекеттік тіл»

Сабағымды Жүсіпбек Аймауытовтың сөзінен бастағым келіп отыр.

«Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып,өз пәндеріңді түсіну мүмкін емес. Деген екен. Олай болса өзіміздің ана тіліміз қазақ тілімізді құрметтейік.

«Ана тіліме тағзым» /ана тіліне байланысты айтылатын теңеу сөздерді атау

Егеменді еліміздің басты белгілерінің бірі- тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір ҚР азаматының парызы деп көрсетілген.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу

Сөздік жұмыс. Конституция - Заң

Көне - ескі

Полиглот тарихынан қызықты деректер.

Ұлы Абай орыс тілі қазақ тілімен қатар парсы араб тілдерін білген.

Шығыс ғұламасы Әбунасыр Әл-Фараби 70 -ке жуық тілді меңгерген.

Тіл туралы қандай өлең жолдарын білесің?

Мақал- мәтелдер айту.

Дәптермен жұмыс. 83 жаттығу

Сергіту сәті. /музыка ырғағымен /

Шығармашылық жұмыс.

Сызба арқылы өлең құрастыру.

1.--------------------елім

2.--------------------жерім

3.-------------------жайқалған

4.-------------------жасарған

5.-------------------жайған

6.------------------Қазақстан

Қорыту. Тест

Үйге тапсырма: 56 бет 84 жаттығу

Бағалау.

Мұғалім: Қазақ«Аталы сөз- баталы сөз» дегенде дұрыс сөйлеу білуді айтқан.



© 2010-2022