Ашық сабақ. Әліппе «З дыбысы мен әрпі. »

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ.Әліппе«З дыбысы мен әрпі.»Ашық сабақ.Әліппе«З дыбысы мен әрпі.»Ашық сабақ.Әліппе«З дыбысы мен әрпі.»Ашық сабақ.Әліппе«З дыбысы мен әрпі.»Ашық сабақ.Әліппе«З дыбысы мен әрпі.»Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы.
Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға З дыбысымен әрпін таныту.З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық,буындық талдау жасату,дауыссыз дыбыс екенін меңгерту.З әрпінің баспа,жазба түрінің бас әрпін,кіші әрпін таныту,мәтінмен жұмыс жасату. 2.Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын дамыту. 3.Еңбексүйгіштікке,ақылды,әдепті болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер. Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық. «5»болсын алар бағамыз. Біліммен бақыт табамыз Өнерменен өрістеп Өсе берсін санамыз Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбек ету. Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару. ІІ. Білімді тексеру. -И дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде, қай дыбыстан кейін жазылады? ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жаңа сабақ: Оқушылар жұмбақ шешкіміз келеме? Табақта жоқ, Қазанда бар. Шарбақта жоқ, Сазанда бар. (З)
Матрос көйлек киген, Африкада жүрген, Құлан емес,жылқы емес, Айтшы тез,кім білген? (Зебр)
Заузадан көре аласың, Заңғардан таба аласың, Байқамасаң анықтап, Үш екен деп қаласың. (З) -Олай болса біз бүгінгі сабағымызда З дыбысы және әрпімен танысамыз. -З дыбысын барлығымыз хормен айтамыз. -Қандай дыбыс екен? -Қандай дөңгелекшемен белгілейміз? Оқулықпен жұмыс. От шашады жалындап, Қатты ұшқанда зымырап. (Зымыран)

Қатты ұшады


Байқоңырдан ұшады

аспанда

Зымыран


От шашады

Тіп-тік

-Мынау ненің суреті? -Зырылдауық Буынға бөліп айту. -Зы-рыл-да-уық а) Зығыр, зырылдауық,зымыран сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з Жазба түрі-Зз в) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза,зығыр,жалбыз, қобыз тазы,қызыл, қарбыз, тоғыз қозы, қымыз,жұлдыз,сызғыш. г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау. Бағандағы сөздердің мағынасын ашу. Зығыр-өсімдік Қызыл-түс Қымыз-жылқы сүті Зырылдауық-ойыншық Жалбыз-өсімдік Жұлдыз-аспан денесі Сызғыш-оқу құралы Ү. Жаңа білімді бекіту. 1. Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру. Мәтін не туралы? -Зығырдан не алынады? 3.Әңгімелету. Сергіту сәті: Қане сапты түзейік Тіземізді бүгейік Ыршып алға түсейік Ыршып артқа түсейік Бір,екі,үш,төрт Шегірткедей ыршиық Ыршып-ыршып тыншиық 4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену. 5.Тақтамен жұмыс: З дыбысынан басталатын сөздерді жазғызу. Зада,Зере,Зәуре,Зейнеп,зығыр,зәулім,сағыз
ҮІ. Сабақты қортындылау: «Кім жылдам?»ойынын ойнау Шарты: Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы зымыран құрастыру. -З дыбысы кездесетін сөздер айт. -З дыбысы қандай дыбыс? -Зырылдауық сөзінде неше буын бар? ҮІІ Үйге тапсырма беру. Зығыр мәтінін оқып келу және жазып келу






14.11.2015 ж.Дене

Сабақтың тақырыбы: «Кім алысқа лақтырады?»ойыны

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бой жазу жаттығулары,сапта тұру жаттығулары,бастапқы қалып туралы алған білімдерін тексеру. «Кім алысқа лақтырады?»ойыны туралы түсінік беру.Спортпен шұғылдануға шақыру.Қимылды ойындар,жаттығулар жасату арқылы дене қимыл қозғалыстарын дамыту.

Салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу

Керекті құралдар: гимнастикалық костюм,гимнастикалық төсеніш

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу,шеңбер бойы мен жүргізу,жүгірту.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Баспен,мойынмен орындалатын жаттығулар

Иықпен,қолмен орындалатын жаттығулар.

Белмен орындалатын жаттығулар.

Аяқпен орындалатын жаттығулар.

Секіру,жүру жаттығулары.

-Бүгінгі дене сабағында акробатикалық жаттығулар түрлерімен танысамыз.

Күрделі және ерекше жағдайда орындалатын дене жаттығуларын акробатикалық жаттығулар деп атайды.

Спорт құралдары: 1.Жеңіл әрі жұмсақ гимнастикалық төсеніштер.

2.Арнаулы ұзыншақ резеңке төсеніштер.

3.Гимнастикалық костюм

Қимылды ойын: «Кім алысқа лақтырады?»ойыны

«Кім алысқа лақтырады?»ойыны айналып жарыса жүгіру арқылы ойналады.Мұнда ара қашықтығы 10 м болатын екі жалауша тігіледі.екі бала жалаушаның сыриына келіп тұрады.Мұғалімнің берген белгісі бойынша олар жалаушаларды айналып,үш рет тез жүгіріп шығу керек.Осы 30 м қашықтықты кім бірінші болып жүгіріп шықса ,сол жеңіске жетеді.

Сабақты қорытындылау:

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Қандай түрлерін білесіңдер? Бағалау 14.11.2015 ж.Бейнелеу

Сабақтың тақырыбы: Штрихтың айқындалу мүкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың сызықтық және реңдік бейнелеуге бейімін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Заттардың пішінін, құрылысын айқындау арқылы сызық

түрлерін қажетті жағдайда пайдалануға

әрі штрихтауға үйрету.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, қарапайым қарындаш түрлері, өшіргіш, тушь, қылқалам, перо. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, т.б

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Жас ерекшеліктеріне байланысты сызықтық бейнелеуді қабылдау мүмкіндіктері әр алуан. Заттардың суретін салуда ең бірінші болып басты рөл атқаратын - сызықтық бейнелер. Сурет өнерінде бейнелеудің негізгі екі түрі бар. Олар: сызықтық бейнелеу және реңдік бейнелеу. Сызықтық бейне арқылы заттардың пішінін, бейнелеп, реңдік бейне арқылы көлемін, ауқымын штрихтап айқындай түсеміз. Штрих дегеніміз жалпы көптеген әр тектес сызықтардың жиынтығы. Әр заттың пішіндік ерекшелігіне байланысты штрих түрлері пайдаланылады. Штрих түрлері оқулықта көрсетіліп, олар түсіндірме сөз, салыстырмалы суретпен толықтырылған. Онда түзу, көлбеу, тік крегекөз, доға, т. б. сызық түрлері аталған.
Сергіту сәті Сурет салу сызықтық бейнелеу немесе штрих сызықтарымен шектелмейді. Латынның «перспектива» деген сөзі «тасадан көру» дегенді білдіреді. Кейінгі кезде перспективаның қазақша баламасына «кеңістік бейне» деп ұғым беріп жүпміз. Кеңістік бейне сурет салатын адамның тұрған жеріне, яғни бейнелейтін орнына байланысты айқындалады. Кеңістік бейне бұрыштық және ауалық кеңістік бейне болып екі түрге бөлінеді. Бұрыштық кеңістік бейне үйдің ішкі көрінісін бір бұрышына бастап бейнелеуде дәл байқалады. Ал ауалық кеңістік бейне бір зат пен екінші заттың ара қашықтығын бейнелеуде немесе табиғат көріністерін бейнелеуде айқынырақ білінеді. Кеңістік бейненің суретін салу үшін көз деңгейін дұрыс анықтап алғанымыз жөн. Жалпы «көз деңгейі» деп кеңістіктегі заттар мен құбылыстарға қарағанда көзіміздің тура бағытының деңгейіне дейін дәл көрінетін жердің жиегін айтады. Ол, әсіресе, жазық далада, теңіздің үстінде айқын көрінеді. Сонымен бірге көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегінің «көкжиек сызығы», я болмаса «горизонт сызығы» деп аталады. Ол сызықтың аспанды жерден, судан бөліп тұратын қасиетіне көңіл бөлуіміз қажет.

Үйге тапсырма беру: Тұрмыстық заттарды бейнелеп, оларды штрихтау.





14.11.2015 ж.Тіл дамыту Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Сабақтың мақсаты: 1) менің отбасым туралы әңгімелеу. 2) Отбасы мүшелері туралы айта отырып, балалардың ой- өрісін дамыту.3) Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Балалармен амандасып, қажетті құрал жабдықтарын алғызып, сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау Жалпы қосымша сұрақтар қою. ІҮ. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы» деп аталады. - Сенің отбасыңда қанша адам бар? Отбасыңда сен нешінші баласың? Сурет бойынша әңгіме құрату. Өз отбасы туралы әңгімелеу. Сөйлем құрау, талдау Дәптермен жұмыс, жазу үлгісі дәптеріне тапсырма беру. Сергіту сәті, жаттығулар жасау Сергіту сәті Жұмбақтар шешу Ү. Жаңа сабақты қорыту «Менің отбасым тақырыбына әңгіме құрату» ҮІ. Сабақты бекіту. «Менің отбасым » суретін салып бейнелеу, сипаттап айту. ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау


© 2010-2022