• Преподавателю
  • Начальные классы
  • 1 сыныпта өткізілген өзін-өзі тану пәнінен апталық тақырыбы Жақсыдан үйрен, жаманнан жиренБілімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін да

1 сыныпта өткізілген өзін-өзі тану пәнінен апталық тақырыбы Жақсыдан үйрен, жаманнан жиренБілімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін да

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану 1 сынып Өткізілген күні: 22.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету .

Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, сурет, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


  1. Шаттық шеңбері: Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Топқа пазл арқылы бөлу. Топ басшысын сайлау. Топ ережесін еске түсіру.

Тапсырма беру.

Жақсы деген не? Жаман деген не?

Әр топ постермен жұмыс жасайды, жұмыстарын қорғау.

2.Дәйексөз:

Жақсы болу өз қолында

3.Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқу. Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру.

Жақсы деген не, жаман деген не?

  • Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?

  • Тағы қандай жақсы әрекеттерді білесіңдер?

  • Қандай жаман әрекеттерден қашық жүргеніміз дұрыс?

4.Шығармашылық жұмыс:

Жақсы бала (өзіңмен қатар отырған сыныптастарыңның есімін, жақсы әрекеттерін жазу )

5.Ойын-жаттығу:

«Не жақсы, не жаман?» жұмбақ өлеңді шешу. Әр шумақ соңында, сол шумақта не жақсы, не жамантуралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса «жақсы» , жаман туралы болса «жаман» деп жауап беру.

6.Мәтінмен жұмыс:

« Әйнек адам» әңгімесін оқу.

  • Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

  • Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, оқу.

7.Өзіңмен-өзім. «Жақсы болуға » талпынысына әсер ету.

8.Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша «жақсы», «жаман» сөздерін қатыстырып әңгіме құрастыру.

9.Жүректен жүрекке:

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді-өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!

Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



© 2010-2022