Открытый урок на тему «Менің алғашқы ұстазым»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің алғашқы ұстазым»

Мақсаты:«Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым бар екенін жеткізу. Ұстаздардан алатын үлгі - өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, қанатты сөздер, қабырға газеті.

Ұйымдастыру

Өту барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән - мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы ұстаз - мектептің жүрегі», - деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, не бір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі бір адамға қарыз. Ол - ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Енді оқушылардан 4 тілде құттықтау сөзді естиік.

2-«Ә» сыныбы қазақ тілінде.

4-«В» сыныбы орыс тілінде.

2-«А» ағылшын тілінде.

3-«А» өзбек тілінде.

Мұғалім: Ұстаздар жан анамдай аялаған

Нұрланған шуағымсың саялаған

Айналдық мейірімді жүрегіңнен,

Шәкіртінен өз бақытын аямаған! - дей отырып, 1-«Б» сыныбының орындауында ән шашуын тыңдалық.

Енді 1-«А» сыныбының орындауында «Тинчлик» әні. Хормен айтады.

Мұғалім: Ұстаз болу - қиынның қиыны. Шәкіртінің жан дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына жаттап өседі. Ұстаздың арманы - шәкіртінің қамы. Ендеше, адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, көкірек көзін ашуға септігін тигізген ұстаз аналарды ардақтайық! Өйткені олар - халқымыздың анасы!

4-«В» сыныбы тақпақтар.

Ал енді кезек: 3-«А» сыныбының биін тамашалайық.

Мұғалім: Сәйгүлікті құйрық жалы таралған

Сүйетұғын қазақ осы

Қараңдар!

Қазақ осы

Күй шығарып, ән салып

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған, - деп Қадір Мырзалиев жырлағандай, ендігі кезекте 2- «Ә» сыныбының «Қазақ биін» тамашалаңыздар.

2-«Б» сыныбы тақпақтар.

Мұғалім:Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі - ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатыр.

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуда терең мағына жатыр. Ал, енді

3-«Б» сыныбы оқушыларының биін тамашалайық.

1-«Ә» сыныбының орындауында «Бала тілегі» ән шашуын тыңдалық.

2-«А» орындауында би.

Мұғалім: Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімдердің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат етіп аттандырғаннан басқа, абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?

Енді 2-«Б» сыныбының орындауындағы биді тамашалайық.

Мұғалім: Дарытқан білімі үшін ұстаз деген асыл жанға мың алғыс айтсақ та жетпейді. Өйткені ұстаз еңбегі орасан зор еңбек.

Сенің де, менің де, бәріміздің де өмірімізге бағыт - бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан, өмірге кірпіш етіп қалаған ұстаздай ардақты жанды ғұмыр бойы ардақтап өтуге тиіспіз. Бұл біздің парызымыз.

Енді 1-«Б» сыныбының орындауында би.

3-«В» сыныбының орындауында биді тамашалайық.

Қорытынды сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Менің алғашқы ұстазым» атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет!

Осы мектепте оқыды, ойға білім тоқыды,

Осы жерден жалындап, ер жетті ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар, оқумен өсіп толыңдар,

Қиындыққа мойымай, аман - есен болыңдар.



«Айнабұлақ» негізгі орта мектебі



тәрбие сағаты



















Тақырыбы: «Менің алғашқы ұстазым»











Орындаған: Балтаева Мухлиса









2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022