Т. Жұртбай «Бала Мұхтар мен Абай»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 2 Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Т.Жұртбай."Бала Мұхтар мен Абай".

Сабақтың мақсаты: Шығарма мазмұнын әңгімелеуді меңгерту.

Сабақтың міндеті:1. Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ашу.

2. Ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

3. Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1. Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ашады.

2. Жұмыс істеу барысында ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

3. Топпен ережеге бағына жұмыс істеуге үйренеді

Негізгі дерек көзі: Бастауыш сынып әдістемесі, әдебиеттік оқу, интернет.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:"жылы сезімдер", "Аялдама", ыстық орындық, салыстырмалы карта,тест.

Сабақтың көрнекіліктері: сөзжұмбақ, Мұхтар, Абай суреттері, тест сұрақтары, стикер, маркер, кері әсер парағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері, формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

уақыты

Қызығушылы-ғын ояту

"Жылы сезімдер" жаттығуын орындату

Мозайка құрастыру арқылы топтарға бөлу

Жақсы тілектерін айтып сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.

Топтарға бөлінеді

1 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

" Автобус аялдамасы"ойыны.

1.Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?Оны неден аңғардың?

2.Мұхтардың атасының есімі кім? Әжесінің ше?

3. Бала Мұхтар неге "Қоңыр қозы" атанған?

4.Бала Мұхтар атасымен қайда жиналды?

5.Абай ауылында Мұхтар не нәрсеге қатты қызықты?

Әр топ мүшелері бір маршрутпен автобус көлігін айдап аялдамаға тоқтайды. Аялдамада жолаушылар (сұрақтар) бар. Әр автобус 5 жолаушыны алады. Сол сұрақтарға жауап береді.

8 мин.

Сөзжұмбақ шешу

- Міне осындай әдемі көктемде бала Мұхтар қайда келіп еді?

- Әрі қарай не болды екен?

Сөзжұмбақты шешеді (Көктем)

Балалар болжамдап өз ойларын айтады.

4 мин

Мағынаны тану

Ыстық орындық

Мәтінді үш бөлімге бөліп,

3 топқа бөліп беру.

Өз бетімен мәтінді меңгереді.

Әр топтан бір оқушы шығып өздері оқыған бөлім туралы айтып береді. Басқа топ сұрақ қояды.

15 мин

Салыстырмалы карта. Жеке жұмыс. Мұхтар мен Абайдың өмірі мен шығамашылығынан шағын ғана үзінді мәтін беріледі.

Абай Мұхтар Өмір сүрген жж
Өмір Сүрген жж
Туған жері
Туған жері
Шығарма лары
Шығарма лары


Әр бала мәтінмен таныса отырып, кестені өзі толтырады. Ортадан бір оқушы шығып айтады













5 мин

Ой толғаныс

Тест сұрақтары

1.Қазақтың ұлы ақыны кім?

А)Ыбырай ә)Абай б)Шоқан

2".Абай жолы" романын жазған кім?

А)М.Әуезов ә)Ш.Мұртаза б)Ж.Жабаев

3) "Көксерек" әңгімесін жазған кім?

А)Абай ә)Шоқан б)Мұхтар

Өз бетімен белгілеп шығады

3 мин

Бағалау

Ишаралар арқылы бағалау. Бас бармақ көрсету.

Бағалау парақшасы арқылы өздерін бағалайды. Салыстыра отырып.

Жоғары-түсіндім

Көлденең-түсінгендеймін

Төмен-түсінбедім.

3 мин

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып, қосымша мағлұмат жинау.

1 мин

Кері байланыс Не ұнады? Не үйрендіңдер?

Сұрақтарын немесе ойларын қағазға жазып қорапқа салып кетеді.

2 мин



© 2010-2022