Ұлы Жеңіс жасасын! жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіс жасасын!


Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін-күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр - Жеңіс күні

Мұғалім: Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата - бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Жеңіс күніне арнаған өлеңдер оқылады
Жеңіс күні
(Т. Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

«Сен құрметте оны, қарағым!»
(Ә. Сәрсенбаев)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Елім соққысын өз үстіне алды,
Денесін оқ пәршеле се де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолда аяғын!
Ән: «Жойылсын соғыс»
Мен соғысты жек көрем!
(Қ. Жұмағалиев)
Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең - ақ ер жетем!
Туған жерді
Әлпештеп,
Кірпік ілмей
Тербетем!
Мұғалім: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы - баладан, баланы - анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Оқушы: Бейбарыс Болмасын соғыс!
(Ж. Ақылбайұлы)
Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата - ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала - бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап - жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.
Асылзат Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс - мамыр - ай!
Қозы - лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай - ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата - баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.



© 2010-2022