Г дыбысы мен әрпі. docx

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Г дыбысы мен әрпі.docx

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру, г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп сіздерге

Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
1. Ү дыбысынан басталатын адам аттарын ата

2. Үйрек деген сөзді кім жазып көрсетеді?

3. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
4. Үкі деген сөзге сөйлем құра
5. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші.
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
ІІІ. Жаңа сабақ :

Жұмбақ шешу

Аралар бар бал жинайтын,

Үзуге адам қимайтын

Аналарға сыйлайтын,

Бұл немене балалар (гүл)

Оқушыларға гүл суретін көрсету.

- Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз.
«Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:

- Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.

- «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасына тоқталып өту. Авторы Н.Баймұхамедов туралы мағлұмат айту. Оқушыларға әуенін тыңдату.

Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс :
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Тақтаға үлгі көрсету.

- Ауада жазып көрсету.


ІҮ. Сабақты қорыту :

Ойын «Буындардан сөз құра»

Ше , шін , кө , ге , іл , гер , гіш , өшір буындары арқылы сөздер құрату.

Ү. Үйге тапсырма : «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу , көгершіннің суретін салу ;

ҮІІ. Бағалау , мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап , гүл шоқтарын табыс ету.




Мұнайлы ауданы «№3 орта мектебі» КММ


Ашық сабақ

Тақырыбы:

Г дыбысы мен әрпі


Өткізген: Бижанова К

Сыныбы: 1 «Ғ»

2015-2016 оқу жылы







Г дыбысы мен әрпі.docx
Г дыбысы мен әрпі.docx


Г дыбысы мен әрпі.docx

Ү





Г дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docx



Г дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docxГ дыбысы мен әрпі.docx

Г дыбысы мен әрпі.docx

© 2010-2022