Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Куленова Бибигуль Болатхановна


Пән: Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүйюге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


1 Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін дей отырып, бір -бірімізден жылы, жақсы тілектерді аямайық.

Топқа бөлу : кәмпиттің түріне қарай 3 топқа бөлу , өміріміз осы кәмпиттей тәтті, заманымыз тыныш, бейбітшілік болсын

Топтың көшбасшысын сайлау , бағалау парақтарын үлестіру ,

Өрмекші торы әдісі бойынша :

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып) Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Қажымұқан жайлы не білесің?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі - біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды?

24. Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті?
Жаңа сабақ.

1- слайд

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып) Ту тіккен Рақымжан

2- слайд

Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз.
Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында. Кәкімжан Қазыбаев қазақ жазушысы. Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

3- слайд

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев

  • Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)Кәкімжан Қазыбаевтың жазуынша, Рақымжан батыр Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен сәуірдің 30-ын достары Рахаңның қайта туған күні деп атайды.

4- слайд


Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

Мәтін бойынша қысқаша бейне баян көрсетіледі.

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып) Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)
Тірек сөздер: Берлинде, Рақымжанды, Рейхстаг, тапсырмаңызды, барлаушылар, Гриша, жауынгерлер
Ұғынуды ұйымдастыру.
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі не айтты? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?
6. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
7. Рақымжан қалай қоштасты? Өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебіренді.
8. Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
9. Рақымжан бастаған топ қалай шықты? Оқ нөсері бәсеңдеген кезде.
10. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның
11. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.
12. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
13. Басқалары қайда қалды? Подвал ішінен шыға алмай қалды.
14. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
15. Темір көпірге оқ қалай тиеді? Оқ шыр - пыр етіп кейін ұшады. Тыз - тыз етіп суға түседі.
16. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
17. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
18. Рейхстагты неге теңейді? Құзғын жаудың ұясы.
19. Рейхстаг баспалдағында Рақымжан Гришаға не айтты? Шық иығыма! Туды тік.
20. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
21. Жау ұясының алдынан не көрінді? Жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту.
22. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
23. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде.
24. Туды тіккен кімдер?

Сергіту сәті: «Қуанышты күн көңілді» әніне билеу

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

Шығармашылық тапсырма:

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

1 - топ Рақымжан атамыздың өміріне кластер жасау, мақалдар жазу.

2 - топ Рақымжан, Батыр тақырыбына 5 жолды өлең құрау.

3 - топ «Ұлы Отан соғысының қаһармандары» эссе жазу

Кері байланыс

Не білдім?

Не білемін?


Нені білгім келеді?

оқушының өзін -өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асады.

Оқушылар хорменен: " Ешкім де ұмытылмайды,
Ешнәрсе де ұмыт қалмайды"
" Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға басымызды иеміз".
( 1 минут үнсіздік, еске алу )
Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2. " Біз бейбітшілікті жақтаймыз " тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау.













№4 орта мектеп

Ашық сабақ әдебиеттік оку Ту тіккен Рақымжан (3 сынып)

Тақырыбы:

«Ту тіккен Рақымжан»

/әдебиеттік оқу,

ашық сабақ, 3-сынып/



Бастауыш сынып мұғалімі: Б.Б.Куленова





© 2010-2022