Урок 2 класс самопознание Жүрек жылуы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Акатаева Айнур Сламовна,

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

№5 гимназия

Сабақ 2Б сыныбында өтті

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: қайырымдылық, мейірімділік

Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік»,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

-қамқорлық жасауға жетелеу ;

-мейірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сюжетті суреттер, үнтаспа, ватман, түрлі түсті бояу (гуашь)

Сабақ барысы

1. Мативациясын ояту - Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын су сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Сабақ барысын талқылау:
Музыка ойнап тұрады
Урок 2 класс самопознание Жүрек жылуы

2. Үй жұмысын тексеру:

- Үйге не берілді?

  • «Жүрек жылуы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады 3.Әңгiмелеу (сұхбат)
  • Үлкендер еркелеткеде қандай күйде боласыңдар?

  • Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

  • Балалар, қазір мен сендерге Валентина Александровна Осеваның ізімен жазылған «Жай ғана әжей» әңгімесін мазмұндап беремін. Мұқият тыңдардар.

  • Сендер осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

  • Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?

  • Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?


Сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге тырысу Урок 2 класс самопознание Жүрек жылуы

4. Дәйек сөз

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан».

Михаил Пришвин

  • Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Неге табиғаттағы барлық жылу күннен дейді?

  • Неге өмірдегі жылу адамнан дейді?

  • Онда мына қағаз бетіне барлығымыз өз жылуымызды қалдырайық. Қолдарыңды бояуға малып, алақанның іздерін қалдырамыз.

Талдау, естерінде сақтату Урок 2 класс самопознание Жүрек жылуы 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
  • Қазір біз сендермен 3 топқа бөлінеміз де, жағдаяттар шешеміз.

  • Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің ...

  • Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досынның ролигі жоқ ...

  • Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті ...

Топпен жұмыс Урок 2 класс самопознание Жүрек жылуы 6. Үй тапсырмасы: «Менің жан жануарға, табиғатқа қандай қамқорлық жасадым» тақырыбында ойланып келіңдер
7. Топпен ән айту С.Молдасханұлының сөзіне жазылған, Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін орындау

Ән айту


© 2010-2022