Поурочный план по литературе на тему Құлақ пен Тымақ (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Пәні: ана тілі

Сыныбы: 2-А

Күні:21.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы:

Асқар Тоқмағамбетов

Құлақ пен Тымақ

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, талдау, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді, ынталы оқуға үйрете білу

Міндеттері:

  1. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру;

  2. Автор туралы мәлімет беру;

  3. Мысалды рөлдерге бөліп оқыту;

Күтілетін нәтижелер:


  1. Мысал - өлеңді түсініп оқи алады;

  2. Мысалды рөлдерге бөліп оқи алады;

  3. Мысалды өмірмен байланыстырып өз еркін жеткізе алады;

Әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл», «Ой айтысы», «Үш қадамдық сұхбат», «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу;

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Сабақ барысы

ресурстар

Жағымды ахуал қалыптастыру

2 мин


3 мин

Үнтаспадан күлкі естіледі.

Алдар Көсенің өлеңі

Мен Алдармын, Алдармын
Тура жолды таңдармын
Керегі жоқ паңдардың
Жылуы жоқ жандардың
Адалдарды аңдармын
Арамдарды алдармын


Алдар Көсенің базарлығы. Топтасу

1-топ. АҰЛҚҚ - құлақ

2-топ. ӨТМАЫ - тымақ

3-топ. ЫМСЛА- мысал

Алдар көсенің күлкісі бар үн таспа, қима қағаздар,интерактивті тақта

Үй тапсырмасын сұрау

6 мин


«Алдар Көсе мен салт атты»

Өз ізі


1-топ. «Өз ізі» әңгімесін мазмұндау

2-топ. «Алдар көсе мен салт атты» мазмұндау

3-топ. Кластер әдісі
Алдар Көсе - ақылды, айлакер, зерделі қу, қарапайым халыққа жаны ашыды, мұратына жетіп отырды, тапқыр, сөзге шешен
Бай - сараң, өзімшіл, арам, әділетсіз, халыққа озбырлық көрсетті
Бағалау: 1,2,3шапалақ


Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін! (Әйтеке би)
Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар: бірі - өз айтқан сөзіңді өзің орындау, екіншісі - әділдікті нұқсан келтірмеу, Үшіншісі - қайырымдылықты есіңе ұстау, ұмытпау
Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды

А4, стикерлер, смайликтер, маркерлер, ана тілі оқулық 2 сынып

Кіріспе

2 мин

Үнтаспа «Қыз мезгіліндегі ауарайы»
Не тыңдап, не сезіндіңдер?
Қыс мезгілі
Қыста адамдар қалай киінеді?

Үнтаспа, қыс туралы суреттер

Негізгі бөлім

3 мин


7 мин




10 мин

Оқулықпен жұмыс

Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

Сабақтың тақырыбын түсіндіру

Құлақ пен тымақ. А. Тоқмағанбетов.


«Миға шабуыл» стратегиясы
«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді, не туралы болуы мүмкін?

Ой айтысы

-Бұл мысал өлең.
-Мысал өлең деген не?
Жан жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып, ой пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.

1. Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағамбетов (19. 9. 1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18партия съезді атындағы кеңшар - 21. 8. 1983, Қызылорда қ.) - ақын, жазушы.


Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
Тоқтағамбетов - 19 ғасырда өмір сүрген казак ақындары туралы жазған. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. 1дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

«Үш қадамдық сұхбат» Топтық жұмыс

1-топ. Мысал-өлеңді тізбектей оқып шығады

2-топ. Мысылдың мазмұндайды

3-топ. Рөлдерге бөліп оқиды

Бағалау: Бармақ сигналдары


Дәптермен жұмыс. Сен білесің бе? (диктант)
Тымақ - мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты. матамен тысталады

Ана тілі

2 сынып, А4, тұжырымдамалық карта, маркерлер, смайликтер, интерактивті тақта, слайд

Тымақтың суреті


Сергіту сәті

2 мин

Бүгін қандай тамаша көңілді күн!

видеоролик

Қорытындылау

5 мин




«Бірге ойланайық»
1.Мысал -өлеңнен өздеріңе қандай үлгі алдыңдар?

Тест

  1. Авторы кім?

А) Е.Елубай

Ә) А.Тоқмағамбетов

Б) мысалда автор болмайды


  1. Құлақ Тымаққа не деді?

А) Төбең жалпақ, етегін салпақ

Ә) Төбең ойық, етегін оюлы

Б) ішіңде сырмақ, сыртын түлкіден жасалған


  1. Құлақ тымаққа неге керек болды?

А) керек болған жоқ

Ә) үскен соң

Б) сәндік үшін


  1. «Сұлуынан - жылуы» деп кім айтты?

А) құлақтың әкесі

Ә) тымақтың өзі

Б) тымақтың әкесі


  1. Жаңылтпашты жаңылмай жаз

Қыста -------- ------ кетті

------, ------ кетті.

Бағалау: жұптық бағалау

тест тапсырмасы, слайд,

Үй тапсырмасы

2 мин

  1. Мысал-өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу;

  2. Қысқы киімдерді жазу

  3. Тымақтың суретін салу

күнделік

Бағалау

3 мин

Жеке, топтық бағалау

Рефлексия

3 мин

Мықты болсаң, құрап көр!

--------------- --------------- құлағымды,

----------------- -------------- тымағымды.

Қорғайды менің құлағымды,

Айтып жүрем тымағымды.

Стикерлер, бағалау тақтасы

Қалыптастырушы қорытынды баға

2 мин

Мұғалім рефлексиясы



© 2010-2022