Дені саудың -жаны сау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы:«Сап-сау болғым келеді». Сабақтың мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету, денсаулық адам баласының азбас қазынасы асқан байлығы өмірінің тірегі екендігін түсіндіру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жүруге , гигиена ережелерін пайдалануға тәрбиелеу. Әдісі: Сайыс , әңгімелеу , ойын , т.с.с. Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар , топшамалар. Сабақтың барысы: Құрметті оқушылар , ұстаздар! Бүгінгі кешіміздің тақырыбымызға байланысты денсаулық жөнінде өрбімек. «Сап-сау болғым келеді » деп аталады. Қазақ халқынды Денсаулық - зор байлық деген мақал бар. Шынынды денсаулық байлығымыз. Денсаулық болса бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат , өмірі бақытты. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Иә, денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы , өмірінің тірегі. Үнемі шынығып , таза жүрсек , өз - өзімізді күте білсек біздің денеміз сау болады. Біз дірігерлік пайдалы кеңестерді пайдалануымыз керек. Мыс: Таңертең ашқарынға қайнаған 1 стакан суды ішкенің абзал. Бұл сенің денсаулығыңа пайдалы. Бүгінгі тәрбие сағатымыз негізінде сайыс түрінде өткелі отыр. Енді сол сайысты бастайық. (Әділқазы алқаларын сайлайық)

Денсаулық - ол шыныққан

Барлық денен мүшесі

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Сайыстың кезеңдері:

1 кезен. Капитандар сайысы

2 кезен. Мақал - мәтел

3 кезен. Жұмбақ шешу

4 кезен. Тіл байлық

І.кезен: Капитандар сайысы:

Мұнда екі топ , яғни «Болашақ» және «Қыран» топтарының капитандары өз топтарының атын түсіндіреді.

ІІ.кезен. Мақал - мәтел (жалғасын табады)


  1. Тазалық - денсаулық кепілі

  2. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  3. Әуелгі байлық - денсаулық

  4. Білімсіз адам - жабайы аң

  5. Оқу білімнің - дәні

Білім - бақыттың шамы.

  1. Көзін ауырса - қолыңды тый ,

Ішін ауырса аузыңды тый.

ІІІ. Кезен: Жұмбақ шешу:


  1. Дышқылдап күнде сән 2 Аузы жоқ , көзі жоқ.

Қолыңа сүйкесе Тілі жоқ сөзі жоқ

Кетіп - кір ласың Бірақ та тісі бар

Тап - таза боласың Басыңмен ісі бар (тарақ)

  1. Шомылған баланы 4. Уай біз едік , біз едік

Аймалап алады отыз екі қыз едік

Сүртеді қолыңды Қатар - қатар тізілдік

Сүртеді жолыңды.(сүлгі) Кезек - кезек үңілдік (тіс)

ІҮ. Кезен : Тіл байлық

Бұл кезеңде біздің сайыскерлеріміз денсаулық жөнінде өз ойларын яғни шағын шығарма жазады. Сайыскерлерімізге берілетін уақыт 15 - минут.

Сайыскерлердің шығармаларын тыңдайық.

Денсаулық - ол күлуің

Көңіл - күйің жадырай

Денсаулық - ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Ойын: «Иісіне қарай ажырат»

Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Оларға алма , апельсин , пиязды, иіскетеді. Олар соны табу керек. Енді сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.

Иә денсаулық - ұқыптылық , тазалық , дұрыс тамақтану , спортпен айналысу. Олай болса денсаулық - ол біздің байлығымыз , қазынамыз. Еліміздің болашағы дендері сау азаматтардың яғни жас ұрпақтың қолында. Сондықтан келешегімізді сақтайық. Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Орал гуманитарлық - техникалық колледжі

Тәрбие сағаты:

« Дені саудың - жаны сау »









Орындаған: машықкер Муксинова А. Б.

Жауапты топ: 1бКШК, КДО




Орал - 2009

© 2010-2022