Тілдер мерекесіне арналған шара «Шешеннің тілі – Шебердің бізі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілдер мерекесіне арналған шара

«Шешеннің тілі - Шебердің бізі»

1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер, балалар, қонақтар!

2- жүргізуші: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ана дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

1- жүргізуші: Ежегодно 22 сентября в Казахстане отмечается День языков. Это общий праздник для всех народов Казахстана.Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И все потому, что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз екі топ арасында сайыс өткіземіз. Сайысымыздың ұраны: « Шешеннің тілі - Шебердің бізі»

1- тапсырма. Топпен таныстыру, топтың ұраның айту.

1-топ. « Қарлығаш» тобы. Ұраны: «Талапты бала- талпынған құстай

Құмары қанбас, аспанға ұшпай».

2-топ: « Балдырған» тобы. Ұраны: «Біз балдырған баламыз,

Айтқан тілді аламыз».

2- тапсырма. Мақал-мәтелдер сайысы.

Өнер алды-қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Шешеннің тілі ортақ. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

3- тапсырма. Викторина.

1.Қазақстанда мемлекеттік тіл - қандай тіл?

2.Қазақстан қандай мемлекет?

3.Қазақстанның рәміздерін ата.

4.Қазақстанда неше астана болды?

5.Қазіргі астана қай қала?

4-тапсырма.Топ басшыларына арналған тапсырма:Берілген әріптерден сөз құрастыру.

н

ә

н

р

а

ұ

5-тапсырма. Кезек үй тапсырмасына беріледі.

1 - топ. « Оқулық пен Доп» атты көрініс көрсетеді.

2 - топ. Тілге байланысты өлеңдер жатқа айту.

Тілім - менің тірегім.

Ана тілім - ұраным,

Ана тілім - құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр - әнім.

Ана тілім - елдігім,

Ана тілім - ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтандар!

Ана тілін безеніп,

Ата берсін ақ таңдар!

1 - жүргізуші: Сөз әділқазыларға беріледі.

Сайыс «Анамның тілі- аяулы үні» атты әнімен аяқталады.



© 2010-2022