«Біз білімді баламыз» сайысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біз білімді баламыз» сайысы«Біз білімді баламыз» сайысы«Біз білімді баламыз» сайысы«Біз білімді баламыз» сайысы«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі»ММ






Сыныптан тыс жұмыс

Сыныбы: 1 «Ә»

Тақырыбы: «Біз білімді баламыз» сайысы

Бастауыш сынып мұғалімі: Шалгимбаева О.А.

2014-2015 оқу жылы


Қостанай қаласы

Тақырыбы: Біз білімді баламыз..." сайысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сайыс: Сайысқа 3 топ қатысады. Оқушыларға сайыстың шарты түсіндіріледі. Топтармен танысып, қай топ сайысты бастайтынын анықтау.

ІІІ. Сайыс кезеңдеріндегі тапсырмалар:

1. «Кім жылдам?»

2. «Кім көп біледі?»

3. «Ойлан-тап»

4. «Сиқырлы сөздер»

5. «Мақал сөздің мәйегі»

6. «Мен ата-анаммен біргемін».

ІV. Қорытынды.

Жүргізуші : Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! - Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ақыл көпке жеткізеді. Өнер көкке жеткізеді. «Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар»- дегендей «Біз білімді баламыз...» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Олай болса сайысымызды бастаймыз. 1 «Ә» сынып оқушыларынан құралған топтармен танысайық.

  1. «Тапқырлар» тобы

  2. «Алғырлар» тобы

  3. «Зеректер» тобы

Ендігі кезекте сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Осы кезеңдер бойынша әділ бағасын беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Сайыстың шартымен таныс болыңыздар:

Тапсырма шешімін жылдам тауып, жауап беру арқылы ұпай жинау. Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларға 3 топ кезекпен жауап береді. Егер жауап берген топтың жауабы дұрыс емес болса, қарсы топ дұрыс жауабын білсе жауап беріп ұпайын өздеріне қосып алуларына болады.

Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.

3 топ өздерін таныстырып өтсе.

  1. «Тапқырлар» тобы

Әр нәрсенің шешуін,

Тезірек біз табамыз.

Көп ойланып, аз сөйлеп,

«Тапқырлар»біз боламыз.

  1. «Алғырлар» тобы

Әрқашан да алдамыз,

Артта ешқашан да қалмаймыз.

Осы сайысқа қатысып, Жеңімпаз «Алғыр» боламыз.

  1. «Зеректер» тобы

Біз зерекпіз әрдайым,

Қиындықтан қорықпаймыз.

Тез ойланып айтамыз,

Сайыста біз жеңеміз. Сайыстың бірінші Кім жылдам? кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде математика пәнінен 3 -топқа жеке -жеке 5 сұрақтан қойылады.

"Тапқырлар" тобы

1. 5 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

2. Бірінші сөреде 3, екіншіде 1 ойыншық аю бар.

Барлық ойыншық аю нешеу?

3. Бір ыдыстағы 8 алманы алып, оны 2 тәрелкеге бөліп салудың

жолын тап.

4. 10 см -де қанша дециметр бар?

5. 3 -пен 5-тің қосындысының мәнін тап.

6. Алма ағашта алты алма, Қандай тәтті жесе алма.

Алтауын да жеп қойсам, қалады онда неше алма? (0)

7. Екі сәбіз қолға алдым, екі сәбіз қалтаға салдым.

Үшеуін Айша алды, бәрі сонда қанша? (7)

"Алғырлар" тобы

1. Сандар қатарында 7 -ден кейін қандай сан келеді?

2. Бірінші қорапта 2 қоян, ал екіншісінде 4 қоян бар. Қораптарда қанша қоян бар?

3. Себеттегі 10 алмұртты екі ыдысқа бөліп салудың жолын тап.

  1. 1 дм -де қанша сантиметр бар?


  1. 5 -пен 5 -тің қосындысының мәнін тап.



  1. Інім 6 жаста, ағам 10 жаста.

Інім ағамнан кіші қанша жасқа? (4)


  1. Сегіз асықтың 3-еуін, досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады? (5)

«Зеректер» тобы

1.10-ға дейін тура санау.

2.Қосудың компонеттерін ата.

3. Геометриялық фигураларды атау.

4.Бір айда неше күн бар?

5. «Көршілерін тап» ...10..., ...7..., ...4... .

6. Логикалық есептер.

Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (7)

Табақта 5өрік, қолымда 4 өрік.

Болады неше өрік? (9)

2 -кезең.

Жанарың ойлы болсын

Білімің молдау болсын,

Ортадан қолдау көрсін

Еліңнің көңілі толсын, - деп кезекті «Кім көп біледі?» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде дүниетану пәнінен құралған «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынып отырмыз.(Сөзжұмбақ әр топтың алдына беріледі)

3 -кезең

«Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!»

- деп сайысымыздың үшінші «Ойлан , тап!» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде әр топқа 4 жұмбақтан жасырылады.


  1. «Тапқырлар» тобына арналған жұмбақтар

Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар шешуі: тасбақа

Аяғы жоқ жүреді,

Ауызы жоқ сөйлейді шешуі: хат

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым шешуі: шаңғы

Суға батпайды,

Отқа жанбайды шешуі: мұз

Жаңылтпаш айту.

Ақ тайлағымды бұйдалайын десем, бұйдалай алмадым.

Шудалайын десем, шудалай алмадым.


  1. «Алғырлар» тобына арналған жұмбақтар

Құйрығы сүйір,

Алаботаға үйір,

Оның аты - ... (сиыр)

Тастан - тасқа секірген,

Шұнаңдап ойнап есірген.

Құйрығы келте шұнақ,

Оның аты - ...( лақ)

Мүйізі тік,

Қойдан биік,

Оның аты -...( киік)

Тоны түкті түрпі,

Оның аты - ... (кірпі.)

Жаңылтпаш айту.

Сыныпта ақ бор бар, көк бор бар, көп бор бар.


  1. «Зеректер» тобына арналған жұмбақтар

«Ұйқасын тап»

Жазу үшін саған, керек екен ... (қалам)

Дауысына құлақ түр, жер жыртып жүр ... (трактор)

Қарды қояр күреп, керек жалпақ ... (күрек

Өзінше ноян , қорқақ кім? ... (қоян)

Жаңылтпаш айту

Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па?



4 -кезең



Сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз. «Сиқырлы сөздер» кезеңінде оқушылар берілген әріптерден отбасы тақырыбына байланысты сөздер құрастыру керек.

А П Р Ә К

Е А Т П Е

М А Н М Ә

А Ә І Н І

5 -кезең

«Мақал - сөздің мәйегі» кезеңіне беріледі. Әр топқа 5 мақалдан ұсынылады. Мақал ішіндегі қалып қойған тиісті сөзді табу керек.

"Тапқырлар" тобы

1. Еңбек етсең ерінбей,

.....................тіленбей.

2. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың ...................

3. Отан үшін отқа түс...............

4.Ат................(адамның қанаты)

5. Қойшы көп болса,....(.қой.).......арам өледі.

"Алғырлар" тобы

1.Өнер алды ........

2. Шанаңды жазда сайла,

Арбаңды ....................(қыста)

3. Сиырдың сүті ...........(тілінде)

4.Еңбек түбі..................

5.Малды бақсаң сиыр бақ,.............( Сүт кетпейді шарадан)

«Зеректер» тобы

  1. Кітап білім бұлағы, білім................

  2. Әдепті бала арлы бала....................

  3. Ақыл азбайды,...................................

  4. Батыр туса ел ырысы,....................

  5. Сиыр сауған .............................(шөлдемес)

6 -кезең

«Мен ата-анаммен біргемін»

-Балалар өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, енді «Мен ата-анаммен біргемін» ойынымызға көшеміз.

Ойын шарты: 3топтан 3оқушы, олардың 3 ата-анасы шығады. Оқушыларға конверт беріледі. Онда 3 жеміс бар, өздері таңдап алады.

  1. Балалар сол жемістердің қасиетін жазады, аеа-аналар суреттерін салады.

Осы кезде оқушылар өлең, тақпақтарын айтады.

Әділқазылар алқасының шешімін хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаз болған топтарды мадақтап, мақтау қағазы беріледі.

Бүгінгі «Біз білімді баламыз» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Хош сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы болсын!





Кезеңдер

«Білімділер» тобы

«Алғырлар» тобы

«Зеректер» тобы

1

«Кім жылдам?»




2

«Кім көп біледі?»




3

«Ойлан , тап!»




4

«Сиқырлы сөздер»




5

«Мақал - сөздің мәйегі»




6

«Мен ата-анаммен біргемін»





Қорытынды




Бағалау парағы







«Тапқырлар» тобы

Әр нәрсенің шешуін,

Тезірек біз табамыз.

Көп ойланып, аз сөйлеп,

«Тапқырлар»біз боламыз.

2. «Алғырлар» тобы

Әрқашан да алдамыз,

Артта ешқашан да қалмаймыз.

Осы сайысқа қатысып,

Жеңімпаз «Алғыр» боламыз.

3. «Зеректер» тобы

Біз зерекпіз әрдайым,

Қиындықтан қорықпаймыз.

Тез ойланып айтамыз, Сайыста біз жеңеміз.

© 2010-2022