Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі. (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кеңес Одағының Батыры

И.М.Бережной атындағы

Келлер орта мектебі КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Джунисбекова Роза Кураловна

бастауыш сынып онкүндігі аясында

өткізілген ашық сабақ жоспары.
Күні: 11.03.2016 жыл
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 2 «а»
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Жануарлардың топтары-шөпқоректілер, жыртқыштар, талғаусыз қоректілер туралы , тіршілік ету ортасы туралы, атауларын ажырата білу, жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті

Оқушылардың ақыл ойын,сөйлеу тілін дамыту,қиялын ұштау.Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар суреті.


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1\Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2/Психологиялық дайындық

Жағымды көңіл күй орнату

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?

-Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.

3/Топқа бөліну.

Оқушыларды қима суреттер арқылы «Шөпқоректілер», «Жыртқыштар» және «Талғаусызқоректілер» атты үш топқа бөлу.

/Оқушылар түстерді таңдап үш топқа бөлініп отырады/

ІІ. Өткенді пысықтау.
-Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өтіп едік? Немен таныстық? -Өсімдік шаруашылығы.

Олай болса балалар өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді білу үшін «Сұхбат» дидактикалық ойынын өткіземін.

«Сұхбат» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты

Мұғалім тілші,ал оқушы халық болады.Тілші халыққа сұрақ қояды,ал халық тілшінің қойған сұрақтарына жауап береді СҰРАҚТАР.

-Ауылшаруашылығы деген не?

-Қандай өсімдіктерден жарма мен ұн алады?

-Күріштің өсуіне қандай жағдай керек?

-Сенің жеріңде қандай жеміс- жидектер өсіріледі?

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1топ.Өсімдік шаруашылығы жайлы айту.

2топ.Жеміс- жидектер жайлы айту..

3топ.Бақша өсімдіктері жайлы айту..

Қызығушылық мотивациялық кезеңі.

Артығын тап ойыны.

Топтық тапсырма.Хатқалтадағы сөздерді оқып артық сөзді анықтау.

Шырша,қарағай,сиыр,алма,тары.

Таңқурай,емен,жүгері,аю,алмұрт.

Бидай,қарбыз,өрік,жүзім,барыс.

Қарақат,шие,қауын,түйе,асқабақ.

Сиыр аю барыс түйе.

ЖАНУАРЛАР

ІV. Жаңа сабақ
1/Жаңа тақырыпқа шолу:

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
ЖАНУАРЛАР
Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер

Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілердің - 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылардың - 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктердің - 700 000 түрі бар.
Жануарлар әртүрлі азықпен қоректенеді.Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.Оларды шөпқоректілер дейді.Оларға бұғы,ақбөкен,ешкі,қой,түйе т.б жатады.
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен - дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады
Саршұнақ Далада және тауда мекендейді. Інінен шыққан күйі артық аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын барлайды. Төңірек тыныш болса, тұқымдар, шөптермен қоректене бастайды. Егер маңайда жүгері немесе егістік болса, саршұнақ сол жерге қоныстанады. Ол астықтың дәні мен сабағын жеп, егіске зиян келтіреді.
Басқа жан жануарлардың етімен қоректенетін жануарларды жыртқыштар дейді.Қасқыр,түлкі,барыс,жолбарыс т.б
Барыс мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 - 135см, биіктігі 60см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 - 100см, салмағы отыз - қырық килограммдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері - басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қасқыр Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі - түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қабан сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар
Өсімдіктерді де,жануарларды да жей беретіндерді талғаусыз қоректілер деп атайды.
Аю жыртқыш аң.Қорек талғамайды.Оның қорегі балық,аң,мал,жидек,өсімдік түбірлері.

Борсық пен кірпі өсімдіктерді,бунақденелілерді,құрттарды және басқа ұсақ жәндіктерді корек етеді.Кірпі жыланнан қорықпай бас салып,оны жеңіп,жеп қояды.

V.Оқулықпен жұмыс

1/Топтық жұмыс:

Әр топ өзіне қатысты мәтінді оқиды, топта отырып талқылайды. Топтан бір оқушы ортаға шығып, автор орындығына отырып, екінші топқа әңгімелеп айтады.

«ШӨПҚОРЕКТІЛЕР» тобы шөпқоректілер туралы

«ЖЫРТҚЫШТАР» тобы жыртқыштар туралы

«ТАЛҒАУСЫЗҚОРЕКТІЛЕР»тобы талғаусызқоректілер туралы

Сергіту сәті.

2/«Өрмекші» әдісі.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Ойынның шарты:

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
1/Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма
Әр қатардағы артық тұрған жануарды тап және оны айналдыра сыз.Өзіңнің таңдауыңды түсіндіруге тырыс.Қалған жануарлар тобының атауын жаз.

2/тапсырма

Тышқан,бұғы және түлкі үшін қорек мәзірін дайында.

VІІІ. Қорытындылау

1/Кері байланыс: «Бір минуттық эссе»
2/Бағалау
3/Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау.

© 2010-2022