КОНСПЕКТЫ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың жалпы психикалық даму деңгейін анықтау.

Адам мүсінінің суретін салу.


Материал: Бір парақ қағаз, жұмсақ қарындаш. Балаға өзінің шамасы келгенше ер кісінің суретін салуға тапсырма беріңіз. /Ешқандай түсіндірме берілмеуі тиіс./ Нәтижелерін бағалау: 1 ұпай - суреті салынған мүсіннің басы, денесі, аяқ қолдары болу керек. Басы мен денесінің арасындағы мойын пропорциясының денесіне сәйкестігі болуы тиіс. Басында шаштары /қалпақ/ құлақтары болу керек. Бетінде - көздері,мұрны,ауызы.Қолдарының әрқайсысында - бес саусақ. Ер кісіге тән киімі болу керек. 2 ұпай - 1 ұпаймен бағаланатын талаптардың толық орындалуы. Үш мүшесі салынбаған болуы мүмкін. /мысалға, мойыны, шаштары, бір саусағы/, бірақ бетінің барлық бөліктері салынуы керек. 3 ұпай - мүсіннің басы,денесі,аяқ-қолдары бар. Аяқ-қолдары бір сызықтап салынған. Мойыны, құлақтары, шаштары, киімі, қолындағы саусақтары жоқ. 4 ұпай - басы мен аяқ-қолдары бар қарапайым сурет. Аяқ-қолдарын /бір-бірден салса да жеткілікті./ бір сызықтап салынған. 5 ұпай - денесі мен аяқ-қолдарының кескіні бұлыңғыр.

Нормативтер:

Жоғары даму деңгейі - 1 ұпай;

Орташадан жоғары деңгей - 2 ұпай;

Орташа деңгей - 3 ұпай;

Орташадан төмен деңгей - 4 ұпай;

Төменгі даму деңгейі - 5 ұпай;


© 2010-2022