Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: Күні:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына, өлеңдеріне ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін ояту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.

Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б/ Үй тапсырмасын сұрау

В/ Жаңа сабақ


  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»Ақын ағартушы педагог

Ыбырай АлтынсаринАшық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

ЖАшық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»азушы оқулық авторы

Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Ғұлыма шағын әңгіме шебері

1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.


  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин -оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал -мәтелдері.

2. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

3. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

4. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Сабақты бекіту.

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин -қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен

2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі -оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»

Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»

Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау,

Өлеңін жаттау.


© 2010-2022