Ана

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев. «Ана»

Сабақтың мақсаты: Б.Бұлқышевтың «Ана» мәтінін дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.

Сабақтың білімділігі: Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ананы ардақтап, құрметтей білуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз - білім алу

Міндетіміз - еңбектену,

5 - ке қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау.

«Апамның астауы» әңгімесін кім жазған?

Жазушы кімді еске алып отыр?

Автордың балалық шағында ойнаған ойындары қандай?

Әңгімедегі әженің қандай өнері бар екен?

Ана

IV. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту

Ана

1.Ой жинау. Сөзжұмбақ «Ана»

1.Абай Құнанбаевтың анасы

2.Қайрат Рысқұлбековтың анасы

3.Ыбырай Алтынсариннің анасы

Ана

Осы сөзжұмбақты шешкенде тігінен оқысаңдар бір керемет, қасиетті сөз шығады. ( Ана).

- Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ме?

- Не себепті?

1.Автормен танысу.

Ана

Бүгінгі біз танысатын шығарма да «Ана» деп аталады. Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев (1916- 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар» т.б. туындылары бар.

АнаАна

- Бәрімізге жарық дүние сыйлаған - Ана. «Бала - ананың бауыр еті» дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып,ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан-жануарда да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сый-құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән-күй шығарады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

IV . Дәптермен жұмыс.

-Күннің жадын, тақырыпты жаздыру.

3.Тыныштық сәті.

«Ана» мәтінін оқып беру.

V.Сергіту сәті.

4.Ана туралы мақал-мәтел айтқызу.

5.Сұрақ- жауап.

- Мәтінде кім жайлы айтылған?

- Ана жайлы.

- Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар?

- Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтылған?

6.Әңгімелесу.

- Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер- ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше.

Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес,

-Ана бізге жарық дүние сыйлады.

-Ол түн ұйқысын төрт боліп өсірді.

-Барлық жақсыны бізге арнады.

-Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

Ана- біздің күніміз

-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса, мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жазамыз.

Ана

Ана

VI.Шығармашылық жұмыс

Ана туралы ойдан өлең құрастыру.

7.Анаға тілек

Ана

VII.Сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке

VIII.Бағалау.

© 2010-2022