Математикадан сабақ жоспары Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикадан сабақ жоспары Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік.Математикадан сабақ жоспары Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік.№ 5. Тақырыбы: Әке арманы. Мұхтар Әуезов

Мақсаты: М. Әуезов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету, тақырып дегеннің не екендігін түсіндіру; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деңдер. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

ІІІ. Өткенді қорыту: Қандай өнерді жақсы көресің? Қандай өнер адамдарын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сенің әкең қандай адам деп ойлайсың? (бала өз әкесі жайлы әңгімелейді). Көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқы.

. . . і . . . і

м ( білім, ғылым)

. . . і . . . і

2.Берілген мақал- мәтелдерді білім, ғылымға қатысының бар жоғына қарай екі тақырыпқа бөл. Білім, ғылымға жатпайтын нақыл сөздерге қандай тақырып берер едің?

3. Жазушы шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені негізгі ой ретінде алуға болатынын көп ойланады. Сол ой шығарманың тақырыбы болып есептеледі.

4. Мәтінді түсініп, теріп оқу. Топпен:1. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқу. Кімнің сөзінен алынған? Осы сөздерді тірек етіп, Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле. 2. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Олар неге қызыл түспен ерекшеленген деп ойлайсың? 3. Көкшіл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Осы сөздерді тірек етіп, Әбіштің алдына қойған мақсаты туралы әңгімеле.

ҮІ.Сергіту сәті

Мәтінді түсініп оқу. Суретпен жұмыс: Зер сал. Кімдерді көріп тұрсың? Осы суретті қалай атар едің? Абайдың арманы не? Ол қандай түспен белгіленген? Өзің қалай сурет салар едің?

ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінге сүйеніп, сызбаны толтыр.

ІХ . Үйге тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой, неге солай атағаныңды дәлелде. Бағалау.




© 2010-2022