Сабақ жоспары. Тақырыбы: Отан туралы. М. Мақатаев (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні: 16.11.2015

Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Отан туралы"
Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев өмірі, отбасы туралы, оның шығармасы жайлы түсінік беру. Шығармадағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, «ортадағы қаламсап» стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, кесте - сызбалар, , бейне сюжет,табиғаттың суреті
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушыларды тексеріп, олардың назарларын сабаққа аудару.
• 1 - слайд Психологиялық тұрақтылық орнату.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
2 - слайд

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
• «Отан» Ж. Смақов жатқа айту
Ой - қозғау:
1. Осы өлеңді ақын қандай көңіл - күймен жазған деп ойлайсың?
2. Ақын Отанды неге теңейді?
3. Отан несімен ыстық?

ІІІ. Өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалға дайындық

"Кім көп біледі?" «Ортадағы қаламсап» стратегиясы.
- Оқушылар,қазір біз «ортадағы қаламсап ойынын ойнаймыз. Ол үшін «Отан» туралы білетін мақал - мәтелдерімізді ортаға салып айтайық, мақал айтқан оқушыларға менің қолымдағы қаламды сыйлаймын.

  • Жарайсыңдар!

ІІІ. Жаңа материалды хабарлау.

«Қандай ғажап табиғат»

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Отан туралы. М.Мақатаев (2 сынып)

Оқушылар тақтадағы суретке назар аударайық. Көріп тұрғанымыздай ол біздің Отанымыздың ғажап табиғаты. Суретте не көріп тұрмыз. Мысалы: ашық аспан, мөлдір бұлақ, биік таулар, төрт түлік жануар, жасыл шөп, қалықтаған құстар, асыр салып ойнаған балалар.

  • Өте дұрыс, жарайсыңдар!

Өздеріңіз айтқандай осы ғажап табиғат біздің Отанымыз. Біз қарапайым сөздермен ғана табиғатымызды сипаттай білдік, ал осы ғажап табиғатты көркемдеп өлеңге сыйғыза білген ақын - жазушыларымыз өте көп. Солардың бірі «ғасыр ақыны» болған Мұқағали Мақатаев. Ендеше бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» деген өлеңін оқып, танысамыз.

Мақатаев туралы бейне сюжет
• Автор туралы түсінік беру.
(1931 - 1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды

Оқулықпен жұмыс.

Мақал - мәтелдерді түсініп оқып, мәнін түсіндір және жаттап ал.

1. Мақал - мәтел
1. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала.

2. Отан оттан да ыстық.
Біздің халқымызда Отанын, атамекенін ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық
• Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
• Әр топ өлеңді екі жолдан мәнерлеп оқу

Сергіту сәті «Жұмыр қылыш»
Дәптермен жұмыс.

1. Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу.

Ағынды өзен қасиетті тіл

Асқар тау құдіретті үн

Мұқағали Мақатаевтың өз дауысы. «Өмір - ай» өлеңін оқу

ІҮ. Жаңа материалды бекіту

Кесте сызбамен жұмыс
2. Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыр:

Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Отанды Ұлылыққа теңейді

Екі өлеңде де асқар таулар, биіктік туралы айтылған

Өлеңнің құрылысында

11 тармақ, өлең күрделі ауқымды

Мұқағали Мақатаев

Отанды бәрінен биік деп теңейді

Өлеңде табиғат суреттелген

12 тармақ, өлең жеңіл, жаттауға оңай

Мұқағали атамыздың өлеңдерін көптеген композиторлар музыка жазып, қзіргі таңда еліміздің жұлдыздары орындап, ақынның бірнеше концерттерін өткізіп жүр.

«Қазақстанның азаматы қандай болу керек деген сұраққа. «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің әрбір әріпіне сөз ойлап жазу

Қ - қайратты

А- айбынды

З- зерек

А- арлы

Қ - қуатты

С- саналы

Т - тәрбиелі

А - арманшыл

Н- намысты

- Жарайсыңдар, балалар.Біздің бойымызды осындай қасиет болса, біздің Отанымыз гүлденіп, Мәңгілік ел болмақ

М-Мұқағалидың

Ұ-ұрпаққа

Қ-қалдырған

А-аманатын

Ғ-ғасырлар

А-арнасына

Л-лайық деп

И-иіліп , бас иеміз. -барлығы бірге.

VІ. Бағалау.Мадақтау
VІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Менің Отаным - Қазақстан» альбом жинақтау



Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев

Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев

Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев

Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев

Ақындар

Отанды неге теңейді

Екі өлеңдегі ұқсастықтар

Екі өлеңдегі ерекшеліктер

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев



Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі











Бастауыш сынып мұғалімі Қадырбекова Арайлымның

2 «а» сыныбына әдебиеттік оқудан өткізген ашық сабақ жоспары





Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Отан туралы»



























2015 - 2016 оқу жылы

© 2010-2022