Ана тілінен Еріншекашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Еріншек

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға өлеңді оқытып,құрылысына ,мазмұнына талдату,жағымды қасиеттер мен жағымсыз қылықтарды ажырата білуге үйрету

Дамытушылық:сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге,өз бетінше ізденуге,шешім қабылдауға дағдыландыру,еркіндіктерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Алға қойылған мақсатқа жетуге,ойшылдыққа,жағымды қасиеттерді бойына сіңіре білуге баулып,еңбекке тәрбиелеу.

Типі: Жаңа сабақ

Түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы

Технология:Дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,математика,музыка

Көрнекті техникалық құралдар: тірек сызба,компьютер,фотосуреттер

Сабақ барысы:

1.Бағалау-мотивациялық кезең

Ұйымдастыру.Психологиялық тренинг

Үй тапсырмасын тексеру «Жылқы»

1-топ.Жылқы жасына қарай қалай аталады?

2-топ.Жылқының пайдасы.

3-топ.Жылқы туралы мақал-мәтелдер

4-топ.Жылқыға байланысты қазақтың ұлттық ойындары

Жаңа сабақ.Тақырыбы мен мақсатын айту.

Шәкәрім «Еріншек»

Шәкәрім кім?(балалар білгендерін айтады)

Шәкәрім-жерлес ақын, жазушы,аудармашы,философ,тарихшы,сазгер.

  • Еріншек деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Еріншек-жалқау, ештеңені істегісі келмейтін адам,т.б.

ІІ Операциялық-орындаушылық кезең.Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.

2.Оқушылар іштей оқиды.

3.Шумақпен дауыстап оқиды.

Сөздік жұмысы.

Қаракет-әрекет

Кесел-сор,дерт

1-топ.Өлеңді құрылысына талдайды.

Шумақ-8; тармақ-4; ұйқас-қара өлең.

2-топ.Өлеңнің мазмұнына талдау жасайды.

(Өлеңді оқи отырып,әрбір шумақтың мазмұнын талдайды).

3-топ.Шығармашылық тапсырма.Салақтық,надандық,адалдық сөздерін сөз құрамына талдайды.

4-топ.Осы өлеңге ұқсас Абай атаның қандай өлеңін білесіңдер?

Қазіргі өмірмен салыстырып,мысал келтірту

Сергіту сәті.

ІІІ.Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Топпен жұмыс.

1-топ.Еріншекке хат жазу

2-топ.Кесте толтырады.

Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер

3-топ. Кесте құру.


Ана тілінен Еріншекашық сабақ




4-топ.Еріншектік,жалқаулық туралы мақал-мәтелдер жазу.

ІҮ.Қорытындылау.

  • Сабақтан не үйрендіңдер?

  • Мен сабақта өз бойыма қандай жағымды қасиеттер жинадым?

(Өз ойларын айтып,ой қорытындысын жасайды).

Ү.Бағалау.

Бағалау парағы арқылы өзін-өзі,бірін-бірі бағалайды.Мұғалімнің бағалауы.

ҮІ.Үйге тапсырма:Еріншектерге арнап өлең шығару.

















Ана тілінен Еріншекашық сабақ


© 2010-2022