Ертегі еліне саяхат. (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып,тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ұйымшылдыққа, татулыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ауыз әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс - тәсіл: саханалап көрсету, сұрақ -жауап,жұмбақ, мақал-мәтел.

Сабақтың барысы: балалар шеңберге тұрып, бір-бірне сәтілік тілейді.

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Орман, көлге , шығып біз

Саяахтқа шығамыз

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашан да біргеміз

Әрқашан тілектес

Досыңа көмектес

( Есік тоқылдатып поштамен хат келеді, жүргізуші хатты оқиды).

Жүргізуші: Ертегі еліне саяхатқа шығайық. алдымен қандай ертегі білеміз еске түсірейік.

Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)

Балалар жауабы: "Жеті лақ пен қасқыр", "Жыл басына таласқан хайуанаттар", "Бауырсақ".

Жүргізуші: осы ертегілер қалай басталады?

Жауап: ерте ,ерте, ертеде, ерте бір заманда, бір күні,бұрыңғы заманда.

Жүргізуші: онда бауырсақ ертегісін тамашалайық.

Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)

Жүргізуші: Енді жолға шығайық . Поездға отырып жолға шыққанда.

Алдымыз жабық тұр.

Қоян: сендер маған тақпақ, жұмбақ айтып беріңдер, сол кезде жол көрсетем.

Жұмбақ: Құстай ұшады

Құлындай жортады

Қойдан да қорқады. ( қоян)

Аққу емес, мойны ұзын

Тырна емес сирақты. (қораз)

Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)

Тақпақ: 1.Ұзын құлақ саққұлақ

Секіріп жүріп шапқылап

Тұрағы орманды алқап

Шалғынды жасыл аймақ

2. Қорбаң - қорбаң етеді

Тәттіні жақсы көреді

Қазір де ол бүлдірген

Іздеп жүр ме,кім білген

3. Жүк көтеріп төбедей

Құмда жүзер кемедей

Аштыққа да, шөлге де

Шыдап бір ай елемей

Жүргізуші: қоян - енді сен бізге жол көрсет, бізбен бірге жүр. Ертекші атайдың ертегісін тыңдауға.

( Балалар жолға шығып тағы бір айналады.Жолда кедергі тұр).

Жүргізуші: балалар талдың түбінен бір кәрзеңке тауып алдым. Ішін ашып оқиды. Былай жазылған екен: "балалар сендер өздеріңе ұнайтын ертегідегі кейіпкерлерді сомдап беріңдер, сонда ғана жол ашылады"

(Балалар «Мақта қызбен мысық» ертегіні балалар сомдап береді. Жол ашылып қайтадан жолға шығады).

Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)

Ертекші атай : қош келдіңдер балалар! Жолдағы кедергіден сүрінбей өтіндер ме, енді демалып менім ертегімді тыңдандар.

"Қарлығаш пен дәуіт"

Жүргізуші: балалар ертегі ұнады, ма? Несімен ұнады?

Жауап: ұнады, соңы достықпен аяқталады.

Жүргізуші: кім мақал- мәтел біледі? "дос", "жақсылық", "татулық" туралы.

Мақал - мәтел: Досы көпті - жау алмайды ақылы көпті - дау алмайды.

Жақсы дос үшін - жан пида.

Жүргізуші: "Жүректен - жүрекке" балалар шеңберде тұрып , бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сабақты ертегілер елінде болған әсерлі саяхатымен аяқтайды.

Ертегілер еліне саяхатқа қатысқан балалар.









«Жамбыл атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлкеттік мекемесі









Ертегі еліне саяхат.(1 сынып)



Орындаған: Абдрахманова.М.Н.



© 2010-2022