На тему Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы,

Талас ауданы, Қаратау қаласы

Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Телібаева Назира Тәрбие сағатының тақырыбы: Менiң Отаным -Қазақстан! Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Қазақстан туралы бiлiмдерiн кеңейту.Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдiкке, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Өнерге деген қабiлеттерiн дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.

Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу. Көрнекiлiгi: Суреттер, рәмiздер, буклеттер. 1.Кiрiспе Балалар бүгін 1-қыркүйек Білім күні. Сендерді білім күнімен құттықтаймын. Біздің бірінші сабағымыз «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында өтіледі.

- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.

-Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?

1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
-«Отан отбасынан басталады» дегендей

Отан - өз үйім, ата - анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен-көл, туған жер, бәрі Отаным болады. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай. Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!
Ия, біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату -тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Мұғалім: Ал қане, балалар,

30 тамыз күні қандай мереке?

30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция - Ата Заңымыз қабылданған күн.Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады.

Ата Заңым - бабалардың лебізі.

Ата Заңым - барлық заңның негізі.

Арқа сүйер Ата заңда адамды.

Артық санау кемсітудің жоқ ізі.

Ата Заңым мемлекет айбыны

Ата Заңым асыл ойдың айдыны

Туған жердің-Қазақстан елінің

Ата Заңмен қорғалады байлығы.

9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Биыл Ассамблеяға - 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды. Әрқашанда бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, «біздің туымыз - бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!» - деп атап өтті.

Адам өткенін жақсы білмей - болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу т.б. құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр.

Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!

Қорытынды:

- Міне балалар, «Менің отаным-Қазақстаным !»

деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.



© 2010-2022