Урок по математики на тему Екітаңбалы сандардың ондық құрамы және жіктелуі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары


Күні 07.09.2015

Пән: математика

Тақырыбы: Екітаңбалы сандардың ондық құрамы және жіктелуі

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекілігі: сызба, ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, цифрлар.

Білімділік мақсаты: екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: осысандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Кел, балалар, келіңдер,

Есеп әлеміне еніңдер.

Қосу менен азайту

Теңдеу сырын біліңдер.

Ұзындық, масса, уақыт

Шамаларын табайық.

Күтеді қызық жұмыстар

Оқу жылын бастайық.

ІІ. Білімдерін дамыту.

«Математикалық баспалдақ ойыны». Баспалдақ түрінде мысалдар жазамын. Екі оқушы тақтада шығарады да, ойынның басталғаны туралы белгі береді. Балалар мысалдарды орындауға кіріседі. Баспалдақ басына ең бірінші шыққан оқушы жеңімпаз болады.

«Есептеу машинасы» ойыны. Математикалық өрнектер оқимын. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған карточкалар көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді.

2+1+7-8+10-2-4+1

6+2-4+4-3+5-2-4-2

4-3+9-8+7-3+2-6+3

«Дұрыс немесе бұрыс». Дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқимын. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.

7-нің алдындатұрған сан 5-ке тең

4-тің алдындатұрған сан 3-ке тең

8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең

8+2 өрнегі 10-ға тең

9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең

4 пен 5 сандары 3-ке көршітұрғансандар

4 саны 5-тен кіші

2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.

ІІІ. Өткенді қайталау.

Тақтаға үш оқушыны шақырамын 14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16 деген сандарды атайтамын. Оқушылар оларды тақтаға жазады.

Жазылған сандар оқылады. Сандардың ішінен ең кіші екі таңбалы сан табылады. Ең үлкен санды табу. Бұл сандардың әрқайсысында неше ондық, неше бірлік бар?

ІҮ. Жаңа сабақ.

1 және 2-жаттығуларға ұқсас жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы пысықтау үшін 3-жаттығуберіледі. 4 пен 5-жаттығуларды оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. 6-жаттығуда әріптік өрнектерді салыстыру кезінде оқушылар өз тұжырымдарын негіздеуі қажет. 7-жаттығу өздік жұмыс ретінде беріледі.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


© 2010-2022