Ашық сабақтың тақырыбы: «Тіл және сөйлеу»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, таблица,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу
Ауызша Жазбаша
Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу
Хабарласу Таңбалау
Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін _____дүйсенбі___________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта __құрт______________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы __қатты______________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ______ертең__________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ___бала_____________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ____солдан____________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
4. Оқулықпен жұмыс.
6, 7, 8 - жаттығуларды орындау.
ІV. Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет? Сөйлеу мақсаты: хабарлау,түсіндіру,сезімдерімізбен,ойларымызбен бөлісу,көндіру,сендіру.
2. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.
3. Тіл туралы мақал - мәтелдер сұрау.1.Өнер алды-қызыл тіл.

2.Сөзден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан жүйрік жоқ.

3.Сөз қадірін айтқан білер,

Жол қадірін жортқан білер.
V. Қорыту.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.
Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Қазақ тілі, тіл және сөйлеу, айызша сөйлеу, жазбаша



© 2010-2022