Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)Қызылорда қаласы

№222 Т.Рысқұлов атындағы

мектептің бастауыш пәні

мұғалімі Раисова Л.Ж

Сабақтың тақырыбы: «Ұ дыбысы мен әріпі»

Сабақтың мақсаты: а)Ұ дысымен және әріімен таныстыра отырып, оның дауысты дыбыс екенін түсіндіру. Ұ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, ұ әріпінің кіші және бас әріптерін жаздырып үйрету, өздерімен жұмыс істеуге баулу.

ә) Шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқырлау, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

б) Ойындарды пайдаланып, еңбектенуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекке баулу.

Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Типі: жаңа білімді меңгерту, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалқ материялдар, суреттер, кеспе әріптер, кеспе буындар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақты пысықтау З дыбысы бар сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасату, ойлаған сөздерінен сөйлем құрату.

Жаңа сабақ.

Жұмбақ жасыру.Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)

1) Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

(Ұршық)

2) Тал басында тамаша үй.

(Ұя)Ұ дыбысы мен әрпі (1класс)

3) Ұнда барда,

Үнде жоқ.

Құнда барда,

Күнде жоқ.

(Ұ)

4) Құманда бар,

Суда жоқ.

Тұманда бар

Бұлтта бар.

(Ұ)

Ұршық,ұя сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Ұ дыбысының жуан дауысты дыбыс кендігін түсіндіру, мысалдар келтіру.

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, ү, і, и.

Жұп дауысты дыбыстар: а-ә

о- ө

ұ- ү

ы- і

Ұ дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.

Ұя Ұзақ

Ұ

Ұлу Ұршық

Ұлар Ұшақ

Сөздерді оқушыларға тақтаға жаздырып, дыбыстық талдау жасатып, ауызша сөйлемдер құрату.

Оқулықпен жұмыс. Бағанадағы сөздерді оқытып, сөздердің мағынасын түсіндіру.

Жұлдыздап Ұшақ Тікұшақ

Ұшқыш Ғарыш Ғарышкер

«Ұшқыш» мәтінін оқушыларға оқыту.

Ұшқыш

Ұланның көкесі- ұшқыш. Абзалда ұшқыш болғысы келеді. Ал мен ұшақтың, тікұшақтың суретін салғанды ұнатамын.

Менің де арманым- ұшқыш болу. Онда ғарышқа ұшар едім.

Өз сөздерімен әңгімелесу, түсінгендерін айтқызу.

Сергіту сәті

Сызба түрінде берілген буын жаттығулары арқылы оқушларға сөздер құрату,дыбыстық талдау жасату.

Бұ Дұ Ұ

лақ рыс шақ

Құ Бұ Құ

ран лын дас

Ұ Құ Құр

лан рақ бақа


«Баспалдақ» ойынын ойнату

Ұ

Ұ

Ұ

Ұ

Жауаптары: ұл, ұлу, ұшақ, ұшқыш

Жаңылтпаштар айтқызып, тілдерін жаттықтыру.

Тұз мұздай

Мұз тұздай

Мұз- мұзға ұқсас

Тұз- тұзға ұқсас

Мұз да, тұз да ұқсас.

1 шумақ өлеңнен

«Ұ» дыбысы бар сөзді таптыру, мағынасын түсіндіру.

Ұя салып құр құтан,

Жалғастырмақ ұрпағын

Ұялмастан тұр көкек,

Бояп жаман тырнағын.

Жуан дауысты дыбыстарды өзіне сәйкес заттарға үзік сызықтармен қосыңдар.

Жіңішке дауысты дыбыстарды өзіне сәйкес заттарға ирек сызықтармен қосыңдар.

Үйге тапсырма: 1)Ұшқыш мәтінін түсініп оқу.

2)Тірек сөздерді көркем етіп жазу.

3) Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Қызылорда қаласы.


© 2010-2022