Ашық сабақ. Ана тілі (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп, саналы - түсініп оқу, мағынасын ашу. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын түсінуге, айта білуге, дағдыландыру; Ой - өрістерін кеңейту, сөздік қорын молайту, мәтінді талдауға, қорытынды шығара білуге қалыптастыру; Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу, әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: автор портреті, тірек сызбалар, магнитофон
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық (магнитофоннан әуен жіберіледі).
- Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат ортасында жүрміз деп сезінейік. Айнала қандай әсем, әдемі, жап - жасыл. Жан - жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік. Қандай сұлу табиғат! (әуен тоқтатылады). Көзімізді ашайық. Осы табиғаттан қандай әсер алсаңыздар, сондай әсермен сабаққа кірісейік.
ІІ. Негізгі бөлім.

1. Кіріспе. Ой қозғау.
- Балалар, біз қандай тараумен танысып жатырмыз?
- «Табиғат - менің өз үйім!»
- Табиғатқа не жатады?
ТАБИҒАТ - ағаш, тау, құс, өзен, шөп, аң
- Осы сөздердің қайсысына байланысты мәтіндер оқыдық?
- Өзен, жануар, тау, құс т. б.
- Онда, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы табиғатпен байланысты болмақ. Табиғатқа біздер не жасауымыз керек?
- Қамқор болуымыз керек.
- Қалай қамқор боласың?
- Суарамын, ақтаймын, қопсыту, тазалау т. б.
- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қамқорлық» деп аталады. Бұл мәтіннің мазмұны сіздердің айтқан ойларыңызға сәйкес келе ме екен, танысып көрелік.
2. Жаңа сабақты меңгерту. Мағынаны ашу.
а) мәтінді түсіндіре отырып оқу (оқушылардың ойын тыңдай отырып, мәтінмен салыстыру).
ә) сөздік жұмысын жүргізу.
Аша ағаш - рогатка, шарбақ - ағаштан жасалған қоршау,
жан далбаса - жан ұшыра немесе есі кетіп, әккі - дәніккен,
бейқам - алаңсыз, дуал - қоршау,
безбүйрек - тасжүрек, топшысынан - аяғынан,
пәтер - ұя.
б) оқушылар бөлімге бөле отырып, іштей оқиды. Әр бөлімге ат қояды.
І бөлім - «Сотқар Жантас»
ІІ бөлім - «Қожаның қамқоры»
ІІІ бөлім - «Торғайдың жаңа пәтері».
Қызығушылығын ояту.
Мәтінмен жұмыс.
а) Жантас пен Қожаға мінездеме беру;
ә) мәтінді әрі қарай жалғастыр...
б) Жантас пен Қожаға хат жазу.
Автор туралы түсінік.
- Балалар, мәтінді оқыдық, талдадық. Ал, «Қамқорлық» әңгімесінің авторы - Бердібек Соқпақбаев.
Автор туралы толық мағлұмат беру.
Рефлекция.
- сұрақ-жауап арқылы бекіту
Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма


© 2010-2022