Тәрбие басы тал бесік сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тәрбие басы - тал бесік

Мақсаты:А) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері :- Ата - аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.-Ата - аналар бір-бірімен тәжірбие алмасу арқылы баланы тәрбиелеу .

Жүргізу орны: Сынып іші

Әдістер: топтық пікірталас, ойын әдістері , медитациялық техникалар

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,түрлі-түсті бояулар, доп ,жұмсақ ойыншық , 4 ватман қағаз, фломастерлер, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, Нақыл сөздер. Жағдаяттар

Ұйымдастыру кезеңі Ата- аналар 3- топқа бөлінеді . (Мұғалім, Ата-ана, Оқушы ).

І.Психологиялық дайындық

Сәлемдесу жоралғысы. «Тілек».Сәлемдесу мақсаты: Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін жағымды климат тудыру. Қатысушылар бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Ол бір қатысушыға допты лақтырады да бір нәрсе тілейді.

Мысалы: «Жанар саған көтерінкі көңіл-күй тілеймін!»Алған адам өзінің тілегін кімге айтқысы келсе, соған допты лақтырады тілек әрбір қатысушыға айтылады. Осындай жаттығулар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп,бір-бірін сергітіп тастайды.

Кіріспе бөлім:Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Негізгі бөлім:Отбасындағы,мектептегі бала тәрбиесі қандай?Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық.

І.Ой қозғау.

Ата-аналарға сұрақ:

Ұстаздарға сұрақ:

Оқушыларға сұрақ:

  1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

  2. Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады.

  3. ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу.

Ата-аналарға:

Ұстаздарға:

Оқушыға:

Ү. Рефлексия / шығу парағын толдыру/ «Ой түйін» (бағалау).

Енді ең соңғы бөлім ой түйін деп аталады. Бұл жерде алдарыңызға берілген шығу параққа ой - пікірлеріңізді және бүгінгі өткен психолог сағаты жайында өзіңізге қажетті не білдіңіз соны жазып шығасыздар.

Қорытынды.

Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.



© 2010-2022