Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспарТөрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Рахат орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хабдоллаева Нургуль Бейсембаевна


Күні:

15. 05.2015 жыл

Тақырыбы:

Төрт мезгіл. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Сілтемелер:

Ана тілі оқулығы.1-сынып. «Алматыкітап», 2012.

Ана тілі. Әдістемелік құрал. 1-сынып, «Алматыкітап», 2012.

Жалпы мақсаты:

Бағдарламаның модульдерін тиімді ықпалдастыра отырып, оқушыларға «Төрт мезгіл» атты ертегіні өз беттерінше меңгеруге, заттың сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау.

Оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар ертегі мазмұнын және заттың сынын білдіретін сөздерді меңгереді, оқу, жазу дағдылары қалыптасады, сыни тұрғыдан ойлану арқылы өзара диалогқа түседі, сөйлем құрауға машықтанады, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады,бір-бірін бағалай алады.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, үлестірмелер, жыл мезгілдерінің суреттері, тірек-сызбалары.

Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:

«Қызығушылықты ояту», АКТ-ны қолдану, рөлдік ойын, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, «Қызығушылығын ояту», тест, «Суреттерді сөйлетейік», топпен жұмыс, бағалау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өзін-өзі тану, музыка

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Мақсат қою кезеңі

«Қызығушылығын ояту»

-Балалар, берілген ребусты дұрыс шешсек, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын білеміз.



,, ,, ,, ,

4 Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар Төрт мезгіл ана тілі 1 - сынып сабақ жоспар

Оқушылар ребусты шешеді.

(Жауабы: Төрт мезгіл)

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

1.Ертегіні түсініп оқу.

2.Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар:

-Жыл ақсақал төрт мезгілге қандай өсиет айтты?

-Көктемді неліктен сұлуға теңеген?

-Күзде ауа-райы қандай болады? Жазда ше?

-Жыл мезгілдерінің адамға қызмет етуі дегенді қалай түсінесің?

3.Ертегі бойынша рөлдік ойын.

4.«Суреттерді сөйлетейік»

-Суреттегі мезгіл атауларын атаңдар.

-Әр жыл мезгілдеріне қандай айлар тиесілі екен?

-Өздерің қай мезгілді ұнатасыңдар?

Сергіту сәті

Оқушылар ертегіні тізбектей оқиды, сұрақтарға жауап береді.



(Оқушылар ертегіні сахналайды,

әр жыл мезгіліне қай айлар тиесілі екенін табады)

Оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрайды.

Бейнероликке билету)

Жаңа материалды түсінгендерін тексеру кезеңі





Жеке жұмыс

46-беттегі көп нүктенің орнына «Мен қандаймын?» сұрағына жауап жазу.

280-жаттығу (ауызша)

Көп нүктенің орнына сөзді қойып, жұмбақты көшіріп жазыңдар. Шешуін тап. Тауып жазған сөздеріңе сұрақ қой.

281-жаттығу

Ұйқасын тап.

Сылдыр қағып, Таудан құлап

Жатыр ағып,

Мөлдір бұлақ.

Өзінше ноян,

Қорқақ қоян.

1-топтық тапсырма

Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар.

...

... қыс

...

...

...

...

... көктем

...

...

...

...

... жаз

...

...

...

...

... күз

...

...

...

Мен ақылдымын.

Мен әдептімін. т.б

Көркем жазу.(Ю, қою, жаюлы)

Қардай ақ,

Балдай тәтті.(қант)



Оқушылар өлең ұйқасын табады



(Оқушыларды жыл мезгілдерінің суреттері бойынша 4 топқа бөлу).

1-топ Қыс

2-топ Көктем

3-топ Жаз

4-топ Күз

Әрбір топтың оқушылары өз тобының атына сәйкес сызба бойынша заттың сынын білдіретін сөздерді ойлап жазады.

Тапсырма бойынша топ басшысы топ мүшелерінің бағасын бағалау парақшасына қойып отырады.


Бекіту кезеңі

2-тапсырма

Әр топқа өз тобының атын қорғау тапсырылады.

Тест.

1. Заттың атын білдіретін сөзді тап.

а) жүрді

ә) парта

б)қызыл

2. Қай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а)шеткі ә)көк б)жазды

3. Заттың сынын білдіретін сөзді тап.

а) жүзді

ә) ақ

б)бала

Оқушылар өз топтарының атын өлең, тақпақ айту және жұмбақ жасыру арқылы қорғайды және заттың сынын білдіретін сөздерді табады.(оқушылардың айтқан жауабына қарай топ мүшелері бірін бірі бағалайды)

Бағалау

Оқушылардың әр тапсырма үшін алған бағалары ашық журналға қойылып, бірін-бірі бағалайды.

( мұғалім шынайы бағалауға бағдар береді)

Оқушылардың сабаққа ынталары артты.

Бағалары күнделікке қойылады.

Рефлексия

Жаңа сабақты түсіну дәрежесі қызыл, жасыл, сары түсті алмаларды таңдап, жеміс ағашына жапсырту арқылы анықталады.

Оқушылар түсінбесе сары, жақсы түсінсе жасыл, өте жақсы түсінсе қызыл түсті алмаларды алма ағашына іледі.

Келесі тапсырма:

171-172-беттерді оқып мазмұндау.



© 2010-2022