Ана тілі Дала жұлдызы (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
3. Тақырыбы: Дала жұлдызы . С Мәуленов Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыландыру; зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің суреті, кітаптағы суреттер, кесте. Түрі: аралас. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту, өздері құрастырған сөзжұмбақты шешу. ІІІ. Өткенді қорыту: Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған екен? Білім алу не үшін керек екен? Өз ойың? ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық . Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Жұмбақты шешіп, ортақ тақырып ойлап табу.( Кітап, қалам, бор - оқу құрал саймандары). 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс істей отырып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.(оқушы 1-2 сабақта алған білімі бойынша түсінігін баяндайды) 3. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу.Сергіту сәті ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде кім туралы әңгімеленген? 2. Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата.

Мәтін кейіпкерлері

Ол кім?

Ыбырай Алтынсарин

...

...

Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз.

...

...


3. Суретпен жұмыс: а). Суреттегі адамдарға ат қой. ә) Қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың? б) әңгіме құр. 4. Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркесті сөздер тап: Жалғыз өскен емен- ... ( мыңдаған бұтақ, қалың орман,...) Жалғыз жұлдыз - ... ( мыңдаған жұлдыз,топ жұлдыз,...) ҮІІ. Қорыту: Осы сөздерді елестетіп, қиялдап, сурет салып көр.Әр жұлдызға ат қой.

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.


© 2010-2022