Өсімдік -тірі ағза

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні:

Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: Өсімдік - тірі ағза

Мақсаты:

Білімділігі: Өсімдік тіршілігі және топтары туралы білімдерін еске түсіру, өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білім беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін , танымын, байқағыштық қасиетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа , тиянақтылыққа, бірін-бірі тыңдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Топтық , түсіндіру, ойын, топтастыру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану

Көрнекіліктер: слайдтар, қима әріптер, үлестірмелі карточкалар, Тапқышбектің тапсырмасы, кесте, сызба, плокаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сыныпты төрт топқа бөлу, топтарға атау беру.

Әр топқа қима әріптер беріледі, сол әріптермен сөз құрайды .Шыққан сөз топтарының атауы болады.

Топ аттары: 1. Итмұрын

2. Жусан

3. Жалбыз

4 Жантақ

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:

Жеке оқушымен жұмыс.

Оқушыларға тапқышбектің тапсырмалары мен сұрақтары бар карточкалар үлестіріледі.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Ауаның қасиетін ата

2. Судың қасиетін ата

3. Судың үш күйін ата

4. Топырақ деген не?

5. Топырақтың құрамын ата

6. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?

7. Топырақ пен жануарлар тіршілігінің байланысын айт

8. Өсімдік пен топырақтың байланысын айт

9. Топырақтың құрамында ауа бар екенін қалай дәлелдейміз?

10. Судың адам үшін пайдасы туралы айтып бер

11. Суды қалай қорғаймыз?

12. Суда еритін заттарды ата

13. Суда ерімейтін заттарды ата

14. Акваланг дегеніміз не?

15. Су бүркіті ұясын қайда салады?

16. Су өрмекшісі үйшігін қайда тұрғызады?

17. Қандай топырақ өсімдіктің өсуіне қолайлы?

18. Сыр еліндегі атақты күрішші кім?

19. Топырақ пен адам тіршілігінің байланысын айт

20. Адам өмір сүру үшін не керек?

21. Мұхит пен теңіз сулары қандай болады, олар ішуге жарамды ма?

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады.

ІІІ Ой шақыру.

Мұғалім: Олар - тірі ағзалар. Олар тыныс алады, топырақ арқылы қоректенеді, жарықты, суды, жылуды қажет етеді. Олар дыбыс шығармайды.

- Балалар мен не туралы айтып тұрмын?(Өсімдіктер туралы)

Өсімдіктің суреті экраннан шығады

- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (үш топқа)

- Қалай бөлінеді? (Бұта, шөп, ағаш)

ІΥ жаңа сабақ. Топтастыру. Тақтамен жұмыс.

АӨсімдік -тірі ағзаӨсімдік -тірі ағзаӨсімдік -тірі ағзаӨсімдік -тірі ағзауа Қорек Су

Өсімдік

Өсімдік -тірі ағза

Өсімдік -тірі ағза

Жылу Жарық

Өсімдіктің дамуы туралы видеоролик көрсету

- Баларар, Суреттерден нені байқадыңдар?

Балалар, өсімдік бірден пайда болмайды. Оны видеороликтен байқадыңдар.Өсімдік өміріндегі өзгерістер біртіндеп пайда болады. Оны мына сызба ақылы көрейік.

Тақтадан сызба көрсетіледі

Тұқым ____ өскін ____ бүрі ____ жапырақ ____ гүлі ____ жеміс

Өсімдіктің Өсімдіктің

«Балауса шағы» жетілген шағы

Өсімдіктің дамуы туралы суреттер көрсетіледі.

Оқулықпен жұмыс: Әр топқа тізбектей оқыту, қысқаша түсінігін сұрау.

Дәптермен жұмысазу: Бүгінгі күн реті мен тақырыпты жазу. Ережені жазу.

Сергіту сәті.

Υ. Жаңа сабақты түсінгендігін тексеру: Топтық жұмыс.

Тапсырма: 1 - топқа: топтастыру

2 - топқа: кесте толтыру

3 - топқа: адасқан әріптерден сөз құрау

4 - топқа: сызбаны құрау

Әр топ бірін-бірі жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін бағдаршам арқылы көрсетеді. Бағдаршамның жасыл түсі - жақсы

қызыл түсі - орташа

сары түсі - нашар

ΥІ. Қорытынды.

«Кім дұрыс, кім бұрыс?» ойыны

Ойынның шарты: мұғалім сөйлем оқиды. Сөйлемнің мазмұны дұрыс болса, оқушылар орнынан тұрады, бұрыс болса, отырады.

Сөйлемдер:

1. Өсімдік - тірі ағза. (дұрыс)

2. Өсімдіктер суды қажет етпейді. (бұрыс)

3. Гүлден жеміс пайда болады. (дұрыс)

4. Жасыл нәрселердің барлығы өсімдіктер. (бұрыс)

5. Өсімдік өскін шағында өте нәзік болады. (дұрыс)

6. Бұта ағашқа қарағанда мықты болады. (бұрыс)

7. Өсімдік жарықты қажет етеді. (дұрыс)

8. Өсімдік жапыраға арқылы қоректенеді. (бұрыс)

9. Өсімдік тамыр арқылы қоректенеді.(дұрыс)

10. Көктемде ағаш жапырақтары сарғаяды. (бұрыс)

ΥІІ. Үйге тапсырма: а) мәтінді мазмұндауға дайындалу,

ә) өсімдіктің даму кезеңдерін салып келу.

ΥІІІ. Бағалау. Оқушылар смайликпен өз-өздерін бағалайды. Өз-өздерін бағалауын ескере отырып оқушыларды гүлдермен бағалау.



№201 мектеп

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: «Өсімдік - тірі

ағза»

Сыныбы: 2 «А»

Пән мұғалімі: Г. Үсенова


2013-2014 оқу жылыӨсімдік -тірі ағзаӨсімдік -тірі ағзаӨсімдік -тірі ағза

© 2010-2022