Урок по литературе на тему Жазғытұры

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.

Қолданылатын технология: сын тұрғысынан ойлау

Әдісі: баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс,ББҮ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, әдебиеттік оқу сабағындағы ұстанымымыз:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Біз өткен сабақта «Табиғат-менің өз үйім»атты тараумен танысқан болатынбыз.Өткен тараудан не білдіңдер?

НЕ жайлы болды?

Өткен тарауда құстардың тіршілігі мен қыс мезгілі туралы әңгімелер мен өлеңдерді оқыдық.

Құстар өзінің балапандарын қауіп-қатерден сақтайды.Бозторғай қауіп төнгенін білсе, ұясын жұмыртқасымен бірге көшіріп алып кетеді екен.Бозторғай-дала сәні.( Қызыл кітап,қара кітап). Қыс мезгіліне байланысты өлеңдер жаттадық. Өлеңді жатқа айту Т. Айбергенов «Ақ қыс».

-Өте жақсы.Енді, балалар мына жұмбақты шешіңдер.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу: Жыл мезгілі шуақты

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су ақты

Гүлдер өсті ырғалған.

Шешуі: КӨКТЕМ

ІV. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы, Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры»өлеңі.

Мақсаты:Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу,көктем мезгіліндегі табиғаттың бейнесін суреттеп,әңгімелеу.

Енді,топтармен танысайық:

І топ: «Қыс»

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр- мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап,келіп қалды.

ІІ топ: «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан?

ІІІ топ: «Жаз»

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.

ІV топ: «Көктем»

Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,

Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар,адамзат анталаса.

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

-Топпен жарыс, әр дұрыс жауапқа бергендеріне қарай асық беріліп отырады.

V.Мағынаны тану.

Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданында дүниеге келген.Абайдың шын аты Ибраһим. Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан сөз қадірін білетін адамдар болған.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды.

Абай ұлы ақын,философ,ағартушы,композитор,қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы,ойшыл.Ол бала кезінен шешен,ертегі,әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен,ынталығымен көзге түскен.

Қазақ халқының елдік тарихы,тағдыр жолы,мінез- сипаты, ақыл -ойы,тұрмыс -ахуалы, қоныс -мекені,өнер өрісі-бәрі де Абай сөзінде тұнып тұр. Абай атамыздың көптеген өлеңдері бар,мысалы,

Ғылым таппай мақтанба.

Әсемпаз болма әрнеге .

Жаз

Жазғытұры

Күз

Қыс

Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы

Ғашықтың тілі- тілсіз тіл

Өлеңдерінің бір шумағы айтылады.

Абайдың философиялық,көркемдік,әлеуметтік,гуменистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген.Қара сөздердің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған,әр алуан.

Қара сөздерінің біреуі жатқа айтылады.

Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын.

Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,Көктем іздеп келем мен» - деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абайдың атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

Көктем мезгілі туралы не білеміз:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Көктемде күн жылынады.

Қар ери бастайды.Жыл құстары ұшып келеді.Адамдар егін егуге дайындалады.Жан-жануарлар өріске шығады.Көктемде мерекелер болады.

-қазір жылдың қай мезгілі?

-көктем мезгілінің айларын ата.

-көктем мезгілінде болатын табиғаттағы өзгерістер.

-көктем мезгілінің мерекелерін ата.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу,іштей оқу, тізбектеп оқу.

Өлеңнен түсінбеген сөздерді тауып,олардың мағынасын ашу.

Сөздікпен жұмыс:Масатыдай құлпырар-кілемдей түрленер.

Анталаса-топтала, үйіріле.

Мазатсып-рақаттану,масайрау.

VІ. Ойтолғау.

Дәптермен жұмыс: Наурыздың бесі

Сынып жұмысы.

Абай Құнанбаев

«Жазғытұры» өлеңі.

Тапсырма: Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беріңдер.

Ітоп: «Қыс»

-Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай табиғат бейнесі келеді? Әңгімеле.

ІІ топ: «Көктем»

-Өлеңде көктемдегі құстардың тіршілігі қалай суреттелген? Әңгімеле.

ІІІ топ: «Жаз»

-Өлеңде көктемдегі жан-жануарлардың тіршілігі қалай суреттелген? Әңгімеле.

ІV топ: «Күз»

-Өлеңде көктемдегі адамдардың тіршілігі қалай суреттелген? Әңгімеле.

Жеке-жұппен-топпен жұмыс, топта тапсырманы жақсы орындаған оқушы ортаға шығады.

Сергіту сәті: Ән: «Көктем келді»

VІІ. Қорытынды.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Көктемде күн жылынады.

Қар ери бастайды.Жыл құстары ұшып келеді.Адамдар егін егуге дайындалады.Жан-жануарлар өріске шығады.Қыста ұйқыға кеткен аңдар ұйқыдан оянады.

Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек өседі.

Жаңбыр жауып,жел соқса,қар тез ериді.Құстарға ұя жасау керек.

Күн ұзарып,түн қысқарады.Жан-жануарлар төлдейді.Ең бірінші қара қарға ұшып келеді.Тырна ұшып келгенде адамдар жер жыртады.

Құстарға байланысты болжамдар.Көктем мезгілін зерттеп білу.Көктемде ең алғаш ұшып келетін құс ты білгім келеді.

Ақынның бұл өлеңі қысқартылып берілгендігін атап өте отырып:

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай, сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім, - деп, ақын осы өлеңді толық нұсқасында осылай аяқтайтынын айтуға болады.

VІІІ. Үйге тапсырма

-Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен суреттеген, ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер? Әрине, сендер өте тамаша суреттер салатындарыңа сенемін.

Өлеңді жаттау, сурет салу.

ХІ. Бағалау

Әр топтың жинаған ұпайын есептейік.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.






















Не білеміз

Нені үйрендік

Білгіміз келеді

Көктемде күн жылынады.

Қар ери бастайды.Жыл құстары ұшып келеді.Адамдар егін егуге дайындалады.Жан-жануарлар өріске шығады.

Құстарға ұя жасау керек.

Күн ұзарып,түн қысқарады.Жан-жануарлар төлдейді.






















Халықтық болжамдар:

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе,көктем тез шығады.

Көкек жиі шақырса күн жылынады.

Қарлығаш өрлеп ұшса күн жылы,жер бауырлап ұшса құрғақ болады.

Жаңбыр жауар кезде қарғалар топталып, у-шу болып ұшып-қона береді.

Тырна келсе жер жыртып,егін егуге дайындалады.



© 2010-2022