Әдебиеттік оқу Құрманғазы (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Қазақ мектеп-гимназиясы



Тақырыбы: «Құрманғазы»

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ

2 «В» сыныбы


Өткізген:Т.С.Құлмағанбетова

Бастауыш сынып мұғалімі

Петропавл, 2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сабақтың мақсаты:

Білімділік:мәтіннің мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға

қызығушылығын ояту;

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту; Тәрбиелік:өнерді сүюге оны құрметтеуге және ұлттық өнерді насихаттауға тәрбиелеу; Көрнекілігі: Құрманғазы суреттері, слайдтар, домбыра, Түрі: аралас сабақ. Типі: жаңа сабақ түсіндіру.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой түйіндеу, ассоциация,қызығушылығын ояту, «Бес жолды өлең» т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен.
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен.

ІІ. Өткенді қайталау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.

- Өлеңде домбыра туралы қалай жырлаған?

-Өлеңнің Ахмет Жұбановқа арналу себебі неде?

-Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?

-Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?

Өлеңді мәнерлеп оқу.(Критериалды бағалау үлгісі беріледі.)

ІІІ. Жаңа тақырып 1.Кіріспе әңгіме. (қызығушылығын ояту)

Жұмбақ жасыру

Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен

Ашпайды жұмған аузын адам жоқта

(домбыра)

-Домбыра туралы не білеміз?

Ассоциация құру. Домбыра сөзіне (күй, нота, ән, күйші, айтыс... Құрманғазы)

Дәптермен жұмыс.

«Адай» күйінің клипін көрсету.

-Құрманғазы туралы не білеміз?

Оқулықпен жұмыс.

1.Әңгімені оқып беру.

2.Сұрақтарға жауап.

-Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?

-Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіңдер?

-Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?

-Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесіңдер?

Сергіту сәті.

3.Өздеріне тізбектетіп оқыту.

Құрманғазының күйлер тарихына тоқталу.

ІҮ.Қорытынды

-Әңгіме кім жайында айтылған?

-Құрманғазы кім?

-Оның қандай күйлері бар?

-Қазіргі кездегі қандай күйшілерді білесің?

Толғаныс «Бес жолды өлең» әдісі.
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс-әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Міне балалар, бізге мұра етіп тастап кеткен домбыраның өмірде өз орны бар екен.

Ү.Бағалау

ҮІ.Үй тапсырмасы: мәтінді түсініп оқу, Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы туралы мәлімет іздеу.








© 2010-2022