Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/Тақырыбы: Табиғат және біз /биология, экология пәндерімен бірлескен интеграциялық сабақ/ Мақсаты: 1. Оқушыларды ізгілік қатынасқа үйрету /адамды сүю, өзін қадірлеу, табиғатты аялау, адам мен табиғат бірлігін сақтау, тұтастығын қорғау/ 2. Өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, сапалы экологиялық білімді пайдалана білетін шығармашыл азамат ретінде тәрбиелеу 3. Туған жерінің құсын қадірлеп, өсімдік-шөптерінің, жан-жануарының ерекшелігі мен қасиетін қадірлеуге баулу Көрнекілігі: "Ізгілік кестесі" таблицасы, кітаптар бұрышы, өздері жинаған шөптер мен өсімдіктерден буклеттер, оюлар, бейнефильм Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

І. Кіріспе

Слайд арқылы Сарыөмір ауылының келбеті, Шалқар көлі, Сасай, Сантас таулары, осы өлкеде өсетін дәрілік шөптер мен өсімдіктер туралы бейнефильм "Экология" - грек сөзі. oikos - үй, мекен logos - ілім, білім 1866жылы неміс биологі Э.Геккель ұсынған.

Тірі организмдердің тіршілік ортасымен ара қатынасын зерттейтін

биологиялық ғылым. Тіршілік ортасы деген не? /Табиғат/ Табиғатты қорғау - экологияның бір бөлімі. Экология - ғылым, ғылымдардың ғылымы.
Табиғат

Тірі Өлі

адам жер, күн, жануар су, жұлдыз, өсімдік ай, ауа Табиғат - адам секілді, тірі организм. Үнемі өзгерісте, үнемі даму үстінде. Оны бүлдіру оңай, қалпына келтіру қиын.
"Табиғат" сөзін топтастыру /оқушы жауатарын тақтаға жаздыру/ Сонда табиғат - біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып шықты.

ІІ. Негізгі бөлім "Мен табиғаттан үстеммін, не қаласам, соны алам" дейтін адам қатты қателеседі. Өзімізге не тілесек, өзгелерге де, оның ішінде табиғат та соны қалайды деп түсінейік. Қай заман, қай ғасырда болсын, әр халықта табиғатқа немқұрайды қарау деген болған емес. Соның ішінде қазақ халқы өз жерінің табиғат байлығын аялап қорғаған. Тұмсығы тесік құстарды, буаз аңдарды да - табиғат перзенті деп қиянат жасамаған. Ата-әжелеріміз жеміс ағаштарын сындырмай, көк шөпті де орынсыз таптамаған. Ал, біз не істей аламыз? /Оқушылардың жауабы/ Табиғатқа қиянат жасау -өзіңе жасаған жамандық. Кейде біз қорқатын, суық жәндіктердің адам баласына пайдасы бар. Нұрбол: "Жылан уы" туралы аңыз. Табиғат байлығымыз - жануарлар дүниесін сақтау үшін, жәндіктеріміз орынсыз қырылмау үшін, емдік қасиеті бар шөптерді зерттеу үшін оны білуіміз, сүюіміз, түсінуіміз керек. Әрқайсымыз "Мен экологпын " деп, әрекет етуіміз керек. Гүлден: Туған жерімізде Сасай, Сантас таулары бар. Бірінің ұзындығы - 94м. Екіншісі -70м. Мұнда көптеген шөптер мен дәрілік өсімдіктер өседі. Оқушылардың әкелген шөптері туралы сыр шертейік. Темірлан /итмұрын/, Мұстафа /киікоты/, Мерхат /қына/, Парасат /қымыздық/, Альбина /жалбыз/, Жансая /балқурай/. Сәмсая: "Жусан - дала символы" аңызы. Құстар да - адам досы. Ауылымызда құстардың қандай түрі бар? Назира: Аққу құсы туралы Жалғас: "Жүнді құстың жұмыртқасы" туралы аңыз.

Қазақ - ою - өрнек. Деген: Қазақ халқы өздерінің бағып отырған малдары мен аң-құстардың бейнесіне, түр-сипатына қарап, өздері пайдаланатын киіз-текемет, қолданып жүрген ыдыс-құралдарын ою-өрнектермен әшекейлеген. Оқушылардың өз қолдарымен жасап әкелген оюлары туралы Қаһарман /итқұйрық, ботакөз/, Мыңжасар /мысықтабан, қошқармүйіз, түйе мойын/.

Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Дарын: Бұл да үлкен ерекшелігі бар және табиғатпен тығыз байланысты. Көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап адаспай, елін тауып, аспандағы жұлдыздарға қарап, ауа райының қандай өзгеріске ұшырайтынын да біліп отырған. Ақерке, Күнсауле, Ақмарал /Ордалы жылан, топ-тобымен құмырсқа, жан-жануарлардың көшуі, табиғат апаттарының болуы туралы/

Туған жеріміздің ең мақтанарлықтай байлығымыз -

Шалқар көлі және емдік қасиеті бар әйгілі Әлжан сор. Класс екі топқа бөлінеді. /Пікір қорғау сәті/

Шалқар көлінің пайдасы мен зияны /Оқушы жауаптары/ Пайдасы: Зияны: - ауыл табиғаты бай - танымайтын адамдар көп келеді - емдік қасиеті бар - айналаларын ластап кетеді - жазда көп адамдар демалады - адамды жұтады,т.т. - кішкентай ауылды көбі біледі


ІІІ. Қорытынды Табиғатта тәуелсіздік деген жоқ. Тіршілік жүйесі бірінсіз-бірі күн кеше алмайды. Табиғат бізге емес, біз - табиғатқа бағыныштымыз. Табиғат - ұстаз. Ұлы ұстаз. Біз өмір сүру тәртібін, табиғатқа жақсылық, қамқорлық жасай білуді де сол табиғаттың өзінен үйренуіміз керек. "Бүркіт биі" биленеді. / Бұл бидің қимылдарын да бишілеріміз құстардың қимыл-әрекетіне арнап шығарған/. Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Сарыөмір ауылы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулешова Самал Зинуллиевна


© 2010-2022