Дүниетану тест

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану Тест

1. Қай жерде өсетін өсімдіктердің тамыры болмайды?

а) тауда в) орманда с) су қоймасында

2. Шағын денелі аңдарды ата?

а) түлкі, қасқыр в) Құндыз, Кәмшат с) борсық, доңыз

3. Тәуелсіздік күні қай күн?

а) 22 наурыз в) 1 мамыр с) 16 желтоқсан

4. Каучук, пластмасса, капрон неден алынады?

а) мұнайдан в) көмірден с) алюминийден

5. Қорғасын қандай металл?

а) жасыл түсті в) қара түсті с) сұрғылт түсті, ауыр, тапталғыш металл

6. Қазақ халқы жігіт адамның неше жұрты бар дейді?

а) екі в) бес с) үш

7. Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш қай жылы ұшты?

а) 1991 жыл в) 1998 жыл с) 1994 жыл

8. Глобус сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?

а) үшбұрыш в) шаршы с) шар

9. Бір қазан, ақ құтан шүрегей қай жерді мекендейтін құстар?

а) су құстары в) дала құстары с) шөл құстары1

10. Тоқылдақ, көк қарға, шымшық, жапалақ қай жердің құстары?

а) шөл құстары в) орман құстары с) дала құстары

11. Астана қаласы қай өзеннің жағасында?

а) Есіл в) Шу с) Сырдария

12. Біздің еліміздегі халықтардың саны?

а) 11 млн в) 15 млн с) 10 млн

13. Жер экваторының ұзындығы неше км?

а) 20 000 км в) 60 000 км с) 40 000 км

14. Жазық деп нені айтамыз?

а) шөл дала в) құрлық бетінің тегіс, сәл белесті алқаптарын с) кең алқап

15. Алюминий негізінен неден алынады?

а) бокситтен в) мыстан с) жезден

16. Тас көмірдің жер қойнауында неше түрі кездеседі?

а) 2 в) 4 с) 3

17. Құрылыс материалдарын қайсы топ құрайды?

а) мыс, мырыш, фосфор в)гранит, құмтас, ұлутас, саз, құм с) газ, көмір, ас тұзы

18. Ауылды жерлерде топырақты тыңайту үшін не себеді?

а) саз, тұз в) күл, көң с) әктәс, шымтезек

19. Жер асты суларының әсерінен нелер пайда болады?

а) қыраттар в) үңгірлер с) жыралар

20. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?

а) Еуразия в) Еуропа с) Азия



Дүниетану тест

1.Қазақстан жері көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орынды алады?

А) 8 В) 7 С) 9 Д)11

2.Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан?

А)Индия В)Греция С)Қытай Д)Египет

3.Төменде көрсетілгендердің қайсысы түсті металдарға жатпайды?

А)мыс В)қорғасын С)мырыш Д)антрацит

4.Топырақты тыңайтуға қандай тұз керек?

А)ас тұзы В)ащы тұз С)калий тұзы Д)ақ тұз

5.Мақта еліміздің қай аймағында егіледі?

А)Орталық Қазақстанда В)Оңтүстік Қазақстанда

С)Батыс Қазақстанда Д)Шығыс Қазақстанда

6.Күнді неше планета айналып жүреді?

А)7 В)8 С)9 Д)10

7.Ғарыш кемесімен жер шарын бірінші айнала ұшқан кім?

А)Т.Әубәкіров В)Т.Мұсабаев С)С.Терешкова Д)Ю.Гагарин

8.Төмендегілердің қайсысы биік тау қатарына жатпайды?

А)Алтай таулары В)Жоңғар Алатауы С)Тянь-Шань тауы Д)Бурубай тауы

9.Металдар қандай түрге бөлінеді?

А)қара,түсті В)темір,тас С)түсті,түссіз Д)металдар бөлінбейді

10.Мыс металының ең тамаша қасиеті?

А)ыдыс-аяқ жасалады В)электр тогын жақсы өткізеді

С)терезелер жасалады Д)пойыз жолдары жасалады

11.Арал көліне құятын өзендер?

А)Жайық,Ертіс В)Іле,Нұра С)Сырдария,Әмудария Д)Сарысу,Торғай

12.Дала дегеніміз не?

А)шөлейтті жерлер В)таулы жерлер С)батпақты жерлер Д)ормансыз жазық алқап

13.Алғашқы адамдардың баспанасы?

А)үңгірлер В)киіз үй С)тау шыңы Д)жер асты

14.Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу жануардан екендігі туралы тиория жасаған зерттеуші

А)Коперник В)Чарльз Дарвин С)Карл Маркс Д)Вильгельм

15.Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан?

А)Тараз В)Көкшетау С)Түркістан Д)Семей

16.Ауада неше пайыз азот бар?

А)78% В)58% С)45% Д)68%

17.Қылқанжапырақты орман ағаштарын анықтаңыз?

А)шырша,қарағай В)қайың,көктерек С)тал,терек Д)ұшқат,тобылғы

18.Құстың қай түрі биік тасты құздарды мекендейді?

А)ұлар В)қарлығаш С)қарға Д)бұлбұл

19.Мыс пен мырыш қосындысы қалай аталады?

А)қола В)жез С)мыс Д)никель

20.Жарқыраған жеті жұлдыздан тұратын,нобайы шалқасынан жатқан ожау тәріздес

жұлдыз

А)жетіқарақшы В)темірқазық С)шолпан Д)ондай жұлдыз жоқ


© 2010-2022