Аққала

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтес орта мектебі


Аққала




Пәні: Көркем әдебиет. МАД тобы

АққалаАққала




Өткізген: Байбоз Жанар

19.02.2014ж

Мектепалды даярлық тобы: 0 «А» 19.02.2014ж

Пәні: Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Аққала.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңді оқи отырып, қысқы ойын түрлеріне тоқталу.

Аққала соғуға дайындыққа жетелеу. Салауатты өмір

салтын насихаттау және баулу.

Дамытушылық: Оқушыларға көркем сөздің мағынасын меңгерте

отырып, тілдік қорларын қолдана алу, әдеби тілмен

жүйелі жинақтап сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген сезімі артады.Еңбекшілдікке

тәрбиелеу, экологиялық және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Аққаланың суреті, қыс мезгілінің суреті, интер-в тақта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа әзірлігін тексеру.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру. Қазір қай мезгіл? -қыс Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ойналатын, қандай ойын түрлерін білесіңдер? Қыс туралы тақпақ, жұмбақ білесіңдер ме? Қыс айларын атаңдаршы?

  • ІІІ. Жаңа сабақ
  • Жұмбақты шеш.
Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. (аққала)

Слайдтан жаңа тақырыптың суретін көрсетіп қойылады.

  • Балалар аққаланы неден жасайды?

  • Ақ қардан жасайды.

  • Аққала неше бөліктен тұрады?

  • Үш бөліктен тұрады.

  • Пішіні қандай?

  • Пішіні дөңгелек.

  • Ал түсі қандай?

  • Түсі ақ.

  • Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
IV. Сурет бойынша әңгіме.
  • Ал енді, балалар, қазір бәріміз мұнда назар аударайық.

  • Бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл суретте қыс мезгілі бейнеленген.

  • Балалар не істеп жүр?

  • Осы суреттен көріп тұрған балаларға ат қояйықшы. Балалар суреттегі балаларға ат қояды.

  • Балалар не істеп жатыр? Қар үйіп жатыр.

  • Арғы жағында балалар не жасап жатыр? Аққала жасап жатыр.

  • Бұл балаларғада ат қойып жіберіңдерші?

  • Қар әкеле жатқан кім?

  • Олардың көңіл күйлері қандай?

  • Мұғалім: Мен сендерге бұл сурет бойынша әңгіме айтып берейін, қане, бәріміз мұқият тыңдап алайық.

  • Қыс мезгілі. Далада қар көп жауып, айналаның бәрін аппақ қар басқан, тағыда жапалақтап қар жауып тұр. Үйлердің төбесінде де қар. Балалар үйлерінің қасында, ғажайып қысқы табиғат аясында ойнап жүр. Балалар қалың киінген. Бейбарыс пен Бекарыс қардан домалатып «Аққала» жасапты. Олардың қасында Бағжан мен Ақнұр өздерінің Аққаласын жасап жатыр. Болат көмектесіп, қар тасып жүр. Ал балалар көңілді. Өйткені олар қардан аққала жасады.

  • Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма? - Ия

  • Әңгіме қызық па? -Ия

  • Сендер де осылай аққала жасап ойнайсыңдарма? - Ия

Аққала қыста ойналатын ойын екен.

  • V. Сергіту сәті

Балалар шаршадық па, шаршасақ орынымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық

VI. Аққала өлеңін оқып, талдау.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала. Ғали Орманов

- Өлеңде не жайлы айтылған? /түсіндіру/

* Өлеңді балалармен бірге жаттау.


Өзім 2 рет оқимын, оқушылармен 2 рет оқимын, оқушыларға оқытамын, өзім іштей қосылып тұрамын, қане енді кім осы өлеңді жатқа айтады? VII. Ойын: «Аққала құрастыру» Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.

  • Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане айтайықшы?
  • Алдымен үлкен бөлігін жасап қоямыз, енді екінші бөлігін жасайық, оны қайда қоямыз?

  • Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек-аяқ жағы, ортасы-кеуде жағы, кішкентайы-басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады.

- Байқаңдар, балалар, аққаламыздың бөліктерін орын - орынымен қояйық, шатасып кетпесін. Аққаламыз дайын болды, оң жағынан бір, сол жағынан бір қарайық. Аққаламыз әдемі болды ма?

- Жарайсыңдар, балалар.

VIII. Аққаланың суретін салып, әңгімеле.

Балалар аққаланың суретін салады

  • Балалар біз аққала жасау үшін бірінші мына үлгіге қараймыз. Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін көрсету, яғни төменнен жоғарыға қарай жапсыру керектігін түсіндіру.

- Жарайсыңдар, балалар! Суреттерің маған қатты ұнады.

- Балалар салған суреттерің бойынша әңгіме айтайық. Қане, кім бастайды? - Оқушылардың жауабы.

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

- Ия, ұнайды

- Несімен қызық, несімен ұнайды деп ойлайсыңдар?

- Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен, сырғанап ойнайтын мұзымен қызық.

Сабақты қорытындылау..

  • Балалар, бүгінгі сабақ не туралы?
  • Біз не жасауды үйрендік?
  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
  • Сабақ несімен ұнады?
  • Мақалмен қорытындылау
  • Татулық - табылмас бақыт
Мадақтау.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Білу: Қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.

Игеру: Аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.

Меңгеру: Аққала жапсырудың ережесін білді.

Тақырыбы: «Аққала»






















  • Балалар біз аққала жасау үшін бірінші мына үлгіге қараймыз. Аққаланың денесі геометриялық қай денеге ұқсас?
  • Оның қалпағы қандай пішін?
  • Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане сұрайық?
  • Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек-аяқ жағы, ортасы-кеуде жағы, кішкентайы-басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады. Қап-қара екі көзі, сәбізден мұрны бар.
Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін көрсету, яғни төменнен жоғарыға қарай жапсыру керектігін түсіндіру.

Балалар қосыла санайды. Бір, екі, үш Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Бір отырамыз, бір тұрамыз Біз тынығып аламыз. Балаларды орталықтағы өз орнына жайғастыра, алдарындағы пішіндерді, желім, қылқалам, қарабояу және мақталы таяқшаны көрсете өту.


Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, оларды тамашалап, жақсы жапсырғандарды мақтап-мадақтау, сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.


Суретке тақырып қояйық.

Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл-күйлері қандай?

Саған қармен ойнаған ұнай ма?

4 схема «Балалардың ойындары»

Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?

«Қыстың шуақты күні. Жапалақтап қар жауып тұр. Айнала аппақ. Ағаштарды қырау басқан. Үйлердің төбесінде де қар. Жерде омбы қар. Адамдар жолды қардан тазартады. Ал балалар көңілді. Үйткені олар қардан аққала жасады. Шана, шаңғы тепті. Мұзда сырғанап ойнады.

- Бұл аққала

- Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады?

- Үш бөліктен тұрады

- Пішіні қандай?

- Пішіні дөңгелек.

- Ал түсі қандай?

- Түсі ақ.

- Аққаланы неден жасайды?

- Ақ қардан жасайды.

Балалар өрнектердің суретін салады

- Жарайсыңдар, балалар! Суреттерің маған қатты ұнады.

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

- Ия, ұнайды

- Несімен қызық деп ойлайсыңдар?

- Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен, Аяз атасымен, сырғанап ойнайтын мұзымен қызық.

Байбоз Жанар Жанжігітқызы Өтес орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі


© 2010-2022