Ашық тәрбие сағаты: Әліппеге рахмет (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Әліппемен қоштасу"

Жургізуші: Құрметті ата-анлар 1Д сыныбының " Әліппеге рахмет "

атты ертеңгілігіне қош келдіңіздеp!

Әліппе-барлық ілім-білімнің басы. Әліппе-ғылым анасы. Төрт ай бойы 42 әріпті оқып-жазуға үйренген, өлең жаттап тілдерін жаттықтырған, жаңылтпаш айтып тілдерін шираткан, шағын мәтін, ертегілерді оқып, мазмұнын айтуға үйренген 1"д" сыныбының талантты, өнерлі, әдемі оқушыларын ортамызға шақырайық.

(Оқушылар кіреді, өздерін таныстырады.)

Гимн:

Мұғалім: Балалар, айтып жіберіңдерші, сендер кімнің баласысыңдар?

Ақниет: Бұтағы-бабамның,

Жандарбек:Ұрпағы-атамның,

Айжанар: Шуағы-әжемнің,

Арман: Т ұяғы-әкемнің,

Гүльжанар: Тілегі - анамның,

Ернұр: Тірегі- ағамның,

Асия: Түлегі-даламның,

Ержан: Жерінде-бабамның.

Хормен: Мен қазақ баласымын!

1-оқушы: Армысыздар аналар!

Бекболат Армысыздар ұстаздар!

Болашаққа жол бастар

Балаң келді ортаға.

Білім деген ғажаптың ,

Әліппесін меңгерген,

Болашағы қазақтың.

Басталады біздерден.

2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Әсел Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны әліппе.

Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

3-оқушы: Бір кітапқа бас болған,

Мейрамбек Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Хор: "Үйретеді" Әсел, Сайда, Алмат.

Осы кезде ертегілер елінен мыстан кемпір келеді.

  • Уа , мына жерде не болып жатыр?

Мен неге ешнәрседен хабарсызбын.

Мен мұны болдырмауым керек.

  • Балалар неге жиналдыңдар?

  • Мен мұндай ойын-сауықты жаман көремін.

Мұғалім: Мыстан апа сіз мынабалалардын өнерлерін көріңіз. Сосын өзіңізде мектепке барғыңыз келеді

Мыстан: -Ім, ім ойланайын, кабырғаммен ақылдасайын.

Осы кезде өзімен өзі келіс, келіспе деп сөйлейді. Сосын келіседі.

Егер балалар менің көңілімнен шықпасаңдар бәріңді де сыйқырлап қоямын.

Мұғалім: - Олай болса мерекемізді жалғастырайық.

Біз бүгін барлық ғылымның атасы әліппені бітіріп қоштасқалы отырмыз. Олай болса бәріміз де қымбат Әліппені зор құрметпен ортамызға шақырамыз.

Хор: Әліппе, әліппе, әліппе.

Есіктен Әліппе Ана тілін ертіп кіреді.

Қол шапалақтап қарсы аламыз!

Әліппе: Ана тілім кел төрлет,

Дүбірлі думан басталсын.

Жүректерді ән тербеп,

Шәкірттерің қуансын.

Ана тілі: Армысыздар ағайын,

Хош келіпсіз баршаңыз,

Менде есік қағайын

Алтын күздің сыйындай

Құтты болсын қуаныш.

Құтты болсын мейрамың

Ал шәкіртім сөйлей ғой,

Әліппеден не ұқтың?

Оқушы: 1) Әліппем менің Әліппем!

Асан Ә деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен.

2)Айслув Үйретті бізге Әліппе

Қырық екі дербес әріпке

Сөз, сөйлем құрап ,

Лайық болдық дәрәпке.

3)Рұрхан: Әліппем, менің, Әліппем

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет.

Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән : "Әліппе" Бексұлтан, Ернұр,Мейрамбек, Әсия.

Ана-тілі: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сіздер жұмбақты дұрыс тапсаңдар бір сөз шығуы керек. Қане мұқият тыңдаңдар!

Жұмбақ жасырады.

  1. Әжеде бар, атада жоқ.

Әтеште бар, көжекте жоқ. ( Ә әрпі )

  1. Ленада бар, Аняда жоқ.

Лентада бар, жіпте доқ. ( Л әрпі )

  1. Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Оның атын біз жазған

Қайсы әріптен басталған? ( І әрпі )

  1. Ата-анаңмен барып сен

Пілді көдің парктен.

Осы атаулар зер салшы

Басталған қай әріптен? ( П әрпі )

  1. Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар, шарда доқ. ( П әрпі )

  1. Ешкі де бар, қойда жоқ

Кеседе бар, қасықта жоқ . ( Е әрпі )

Ана-тілі: Қандай сөз шықты? (Әліппе)

  • Балалар, ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім? ( Ы. Алтынсарин )

  • Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42 әріп )

Мұғалім: Әліппе, кейде біздің әріптер айтысып қалады. Енді солардың айтысын тыңдаңыз.

Әліппе: Оны да тыңдайын.

Оқушы: 1) Әліпбидің А тұрады басында.

Әсия Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадыңба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

2) Алмат: А- деген ол аналар ғой ардақты

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты

Б- деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

3) Назерке : Барлық әріп бағалы

Айттық әдемі бағаны

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайда қолдайды.

Әліппе: Балалар мені жақсы меңгеріпсіздер! Мен сендерге ризамын. Енді, сендер менің досым ана тілін оқитын боласыңдар, Қош -соу болыңдар !

Балалар: Қош бол, құтты Әліппе!

Мыстан: Осы манадан бері өлең айта береді екенсіңдер, билемейсіңдерма? Мен мыныған көнбеймін.

Балалар: Мыстан апа сіздің айтқаныңыз болады.

Би: Шетел биі

Мыстан бірге билейді. Мына би кұшті екен дейді.

Мұғалім: Балалар, сендерге Математика елінен жас математиктер келіп тұр.

Жас математик: Достарым, мені де әліппе сияқты біршама оқып үйрендіңдер. Не үйренгендеріңді байқайын.келіңдер математикалық есептер шешейік.

Ағам бізді жинады,

8 қолғап сыйлады.

Қамқор болған ағамыз,

Үйде неше баламыз? ( 9 бала )

Жас математик: Балалар, және өздерің не білесіңдер?

Сергіту сәті: Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

5-ті 5ке қосқанда

Болып шықты 10 саусақ.

Көрініс: "Мақта қыз бен мысық "

Мұғалім:Балалар, ссендердің оқуларыңа әке-аналарыңның, ата-әжелеріңнің, аға-апаларыңның да көмегі көп болды. Енді бәріміз туысқандарымызға өз ризашылығымызды білдірейік.

1)Диас : Анам - күнім жүрегім.

2)Асел: Әкем - өмір тірегім.

3) Жандарбек: Әжем - асыл ардағым.

4)Назерке: Атам - дана қорғаным.

5)Ернұр:Ағам - қамқор асқарым.

6)Айсұлув: Апам - саям тілегім.

Хормен : Көмектеріңіз үшін, бақытты балалық шағымыз үшін сіздерге көп рахмет!

Ән: "Біз өмірдің гүліміз" Диас, Жандарбек.

Мыстан: Мыстан көзіне жас алып, мен енді түсіндім. Мектеп еген жақсы екен. Мен бұрын мектепті жаман көретін едім. Мені кешіріңдер.

Мұғалім: Балалар енді мыстан апаны кешіруміз бе?

Хормен: Ия, кешіреміз.

Би: "Үнді биі"

Мұғалім: Міне, құрметті ата - анлар! Балаларыңыздың өнерлерін көрдіңіздер. Осы оқушылардың арасында Қазақстанымыздың болашағы, мемлекетіміздің болашақ халық қалаулылары бар. Олар қандай мамандық иесі болмасын болашақта егеменді еліміздің Қазақстан Республикасының нағыз азаматы мен азаматшалары болатынына сенім артамыз.

Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.

© 2010-2022