Сыйласаң – сыйлы боласың

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «Д» Өзін-өзі тану 1.10.2014ж

1 «Б» Өзін-өзі тану 18.12.2014ж


Тақырып: «Сыйласаң - сыйлы боласың».

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: әдептілік, адалдық, шыншылдық, сыйластық

Мақсаты: Балаларды оқу, білім, ұстаз туралы алған түсініктерін толықтыру, пысықтау

Міндеттері: Балалардың «білім, еңбек, сыйластық» құндылықтары туралы адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Тыныштық сәті

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім: «Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді,- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз? (ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы!» Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді. 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп Тыныштық Татулық Талап Тазалық «Т» әрпінен келетін сөздер жазу. Әдеп, ақыл

Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)

Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»,

2. Әңгімелесу, сұхбат. Мұғалім сыйы.

«Айгөлек» журналынан әңгіме айтып беру

«Бір уыс мақта» Ы.Алтынсарин

Дәйексөз:

Өзіңді сыйласаң-сыйымды боларсың (Халық даналығы)

Топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс

Тапсырма. Ребустың шешуін тауып, бос торкөздерге жазыңдар.

ДОСТЫҚ

с

ы

й

л

а

с

т

ы

қ


-тан басталады.

Тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Маған да, саған да,

Жақын туыс-бес адам

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың

Айтады, қане, кім атын.

Тапсырма. Өзің жақсы көретін жақын адамыңның суретін салып, әңгімелеп беріңдер.

Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай » әнін айту.

Үй тапсырмасы. Суретке қарап әңгіме құрау.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Баланы таңқалдыруды ұмытпаңыз; Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады.

Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаңыз, ықыласын өлтіресіз. Жеңісін іздеңіз.

Балаға сыйлы боламын десеңіз, баланы өзіңіз сыйлаңыз.





© 2010-2022