Әдебиеттік оқыту Төрт түлік туралы жырлар. Қой

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқыту 2 - сынып Мерзімі:13.10.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Қой
Сабақтың мақсаты: оқушыларды төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдерін қалай шақырту керектігін, атасын, оларды бағатын адамдардың қалай аталатынын сәйкестендіру тестісі арқылы орындату, өленді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
Білімділігі: мал дәрігері туралы әңгімелей отырып, мамандық туралы бағдар беру.

Тәрбиелігі: ұлттық салт - дәстүрді, ұлттық тағам түрлерін, бұйымдарды білуге үйрету.

Дамытушылығы: тіл байлығын арттыру, өз сөздерімен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Көрнекілігі: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісінің сюжеті, сызбалары (сәйкестендірутестісі), оқулық, жылжымалы тақта. Жаңа технология әдістері: дебат, бутерброд - интерактивті әдіс. Түрі: әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау: «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісі.

3 топқа тапсырма:
1 - топ:
Бұл ертегіден
не ұнады?
2 - топ:
Бұл ертегіден
не ұнамады?
3 - топ:
Сен болсаң не
істер едің?
Өтілген ертегілерді жүйелеу (сызбамен жұмыс). 3 топқа бөлінген ертегілерді аттарын дауыстап оқу.

Мұғалім: Ал енді, балалар ана тілі хрестоматиясынан жан - жануарлар туралы қандай ертегілермен таныстық.
Балалар: «Екі лақ», «Ит пен мысық адамға қалай үйренеді?», «Мақтаншақ жолбарыс», «Алтын мүйіз», т. б.
Мұғалім: Балалар, «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегілерінде олар нені алып келе жатыр еді?
Балалар: Олар қойды алып келе жатыр.
- Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Төрт түлік туралы жырлар. Қой» деп аталды.

3. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Сызбамен жұмыс. (Сәйкестендіру тестісі). Оқулықпен жұмыс. Жұмбақты оқып, шешімін табу. Мақал - мәтел оқу. Мағынасын түсіндіру. Қой туралы жырды мәнерлеп оқу. Жылжымалы тақтамен жұмыс.

Қойдың атаулары: қозы→ марқа→ тоқты→ тұсақ→ саулық.

Қойдың пайдасы
↓ -------------------- ↓ ------------------ ↓ -------------------- ↓
Еті --------------- Майы ------------ Жүні -------------- Терісі
↓ ------------------ ↓ ------------------ ↓ --------------------- ↓
Жұмсақ ------- Емдікке -------- Текемет киім ------- Былғары

Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы мақалдардың өзіне ұнағанын көшіріп жазу.


Қой туралы әңгіме.
«Әз жүру» - халық даналығы. Халық санатында наурыздың 20 - 22 - сі аралығында «әз жүру» деген ұғым бар. Ол әуеде болар - болмас діріл мен гүжілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді. Әздің жүрегінің тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді. Олар жайылып жүргенін қоя салып, көкке қарап жамырай маңырап қоя береді. Шопан оны көріп мәз болады. «Әз болмай. Мәз болмайды» деген мақал содан қалған. Ғалымдар оны ғылыми тілде «циклон» - жылы ағыс дейді.
Пысықтау сұрақтары:
- Қойды не бастайды?
- Жабағы жүн мен күзем жүннің қандай айырмашылығы бар?
- Жинаған көп қой қалай аталады?
- Мал дәрігері деген кім?
- Ол не істейді?
Дебат:
- «Қой бағу оңай?»
- «Қой бағу қиын?»

4. Сабақты қорыту.
Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
* Мал сүйегін пешке салма.
* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе
Малды теппе
* Малға теріс мінбе
* Малдың басынан ұрма

Мақал - мәтел мәйегі:
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
2. Малды баға биі, бабын таба біл

5. Үйге тапсырма: «Қой» өлеңін жаттау. «Ақ лақ» ертегісі (ана тілі хрестоматиясы).
Оқушыларды бағалау

© 2010-2022