Әліппе сабағы: Шш дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе сабағы: Шш дыбысы мен әрпіӘліппе сабағы: Шш дыбысы мен әрпіӘліппе сабағы: Шш дыбысы мен әрпіӘліппе сабағы: Шш дыбысы мен әрпіСабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Шш дыбысы мен әрпімен таныстыру, Ш әрпін дұрыс жазуға үйрету;

2. есте сақтау қабілетін дамыту;

3. ой-өрісін, сөздік қорын байыту, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: буын сөздер, Ш дыбысы мен әрпіне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны: Ұйымдастыру.: амандасу, түгендеу, партаға дұрыс отыру;

Өткен сабақты пысықтау; Өткен сабақ бойынша сұрақтар.

-У дыбысы қандай дыбыс?

-У дыбысынан келетін сөздер ойлату, буынға бөлгізіп, сөйлем құрату, у дыбысы нешінші буында тұрғанын ажыраттыру; (оқушылар жауаптары тыңдалады)

Жақсы, оқушылар. Енді тақтаға назар аударайық. Тақтада ненің суретін көріп тұрмыз?

-Шар

Осы сөзді буынға бөлейікші.

-буынға бөлінбейді.

Неге?

-Себебі, бір ғана а дауысты дыбысы бар.

Дұрыс айтасыңыз. Сөзде қанша дауысты болса сөздер сонша буынға бөлінеді.

Ал енді бәріміз шар деп айтайықшы. Ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?

Ендеше, бүгінгі танысатын дыбысымыз бен әрпіміз Ш дыбысы мен әрпі екен.

Ш -ш-ш деп айтайықшы. (оқушылардың айтуы)

-Қалай айтылып тұр?

-Созылмай, кедергіге ұшырап.

Ендеше Ш дыбысымыз қандай дыбысқа жатады?

-Дауыссыз.

Дұрыс айтасыңыз.

-Ш дыбысынан келетін сөздер ойлап айтайықшы.

- шана, шаш, шаңғы, шелек, алаша т.б

-Бұл сөздерде ш дыбысы қай жерлерде келіп тұр?

-Шана десек- басында, шаш- басында және соңында, алаша- ортасында.

-Ендеше ш дыбысы сөздердің барлық жерінде келеді. Сөздің басында да, ортасында да. Соңында да келеді екен.

Ш

ш

ш

Ш әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жазу. (ауадан бір нүкте аламыз, басын имектеп төменге қарай түсіріп, бірінші қармақшасын саламыз. Тағы да ауадан нүкте алып, төменге қарай түсіре отырып, соңын қайыра отырып екінші қармақшасын саламыз және осылай үшінші қармақшасын саламыз)

-Ш әрпінің элементін санайықшы, нешеу екен?

-3 элементтен тұрады екен.

Енді оқушылар, тақтадағы буындардан сөздер құрайық.

ар

шу

ша

на























раоллюююююююююю



Оқулықпен жұмыс жүргізу. 48-бет. Тізбектей оқыту

Сергіту сәті: Қанат жаям жалма-жан.

Талпынғандай ұшуға,

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

Дәптермен жұмыс: Ш әрпінің бас және кіші әріптерін жазу. Ш әрпіне берілген сөздерді оқи отырып жазу.

Сабақты қорытындылау:

-Оқушылар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ш дыбысымен.

Ол қандай дыбыс екен?

-дауыссыз.

-Ш дыбысы мен әрпі сөздердің қай жерлерінде келеді екен?

-Сөздің басында, ортасында, соңында.

Оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022