1 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың атауы

Кк дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Әліппе оқулығы, әдістемелік

Сабақтың жабдығы

Сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. К дыбысы, әрпі мен танысады. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі.

Топқа бөлу

1 2 3 4 сандары арқылы

Психологиялық ахуал

Бір-бірімен амандасу

Қызығушылықты ояту

«Олан тап» ойыны

Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

1. Көреді бәрін өзгенің, 2. Дегендей ешкім тимесін,

Көре алмайды өздерін. Алыпты қадап инесін.

(көз) (кірпі)

3. Қызықтап күнде сен, Суретің көресің,

Оқисың одан сен. Әріптің төресін.

Ертегі, өлеңді. (кітап)


Мағынаны тану


Өлең: Таң әлі атқан жоқ, маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып, жан-жағына қарады. Шынықтырып денені, қанаттарын қағады Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап, оятады баланы.

Жаңа дыбысқа балалардың назарларын аудару үшін ку-ка-ре-ку деген сөзді бөліп, бөліп созып айтады. Балаларға к дыбысының орнын тапқызып жаңа әріппен таныстырады. Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрау жұмысы жүргізіледі. «Көл жағасында» тақырыбындағы мәтін мазмұны талданады. Оқулықтың 67- бетіндегі сурет бойынша берілген әріптерден сөздер құрап, олардың мағынасын ашу.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш Бойға жинап күш. Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық

Дәптермен жұмыс.

Ой толғаныс

«Әріптің орнын ауыстыр»

Жазу дәптерінің 21- бетіндегі К дыбысының әрпі мен осы әріптен құралған сөздерді жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Жазу дәптерінің бос орынына буындық диктант жазуға болады. Дәптердің 22- бетіндегі К дыбысының бас әрпін және үлгі бойынша кісі аттарын жазу жаттығулары жүргізіледі. К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет, кек, кес, кесте.. Ойын түрінде тізбектеліп оқытылады. Мысалы: Та-са, са-ла, ла-шын

Бағалау

Басбармақ

Орынтаева Г.А.

1ші сынып әліппе



© 2010-2022