Тақырыбы: «Бір қазан сүт» ертегі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бір қазан сүт» ертегі

Мақсаты: - Балаларды көркем сөйлеуге үйрету.

-Балаларды автор,жанр,шығарма туралы түсініктермен таныстыру.

-Ертегіні есте сақтауға дағдыландыру.Балалардың ролге боліп оқуға үйрету,дауыс интонациясын қадағалау.

Іс әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Мұғалім балаларға қобдишадан хат алып шығады.Онда ертегілер еліне саяхатқа шығуға ұсыныс жасалыпты.

Балаларға саяхатқа шығуға ұсыныс жасайды.

Балалар ғажайып қобдишаны тамашалайды.

Мұғалімнің ұсынысын қабыл алып,ертегіні тыңдап,саяхаттау ды қабыл алады.

Іздену ұйымдастырушы


Алдымен мұғалім автор мен жанр туралы тағы да тоқталып кетеді.

Ертегіні балаларға оқып береді.

«Бір қазан сүт»

Бір қазан сүтті пісіріп,суытуға үйдің іргесіне қойып едік,енді бір қарасақ қаспағы да қалмапты.

Төгіліп қалып па

Біреу ішіп кетті ме

Төгіліп те қалмаған,ешкім де ішпеген.

Төгілмесе,ешкім ішпесе,бір қазан сүт қайда кеткен.

Көбелек келіп күмп етіп,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп,

Жарымын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарқ етіп,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіпсаңқ етіп,

Сарқып ішіп ол кетті.

Қырғауыо келіп қиқу сап,

Қазан түбі қаспағын,

Қырнап ішіп ол кетті.

Авторы Қ.Баянбаев

мұғалім балалардан түсінгендерін сұрайды.

Д\ойын Сиқырлы қобдиша

Балалар тәрбиеші берген мәліметті қызыға тыңдайды.

Ертегіні зейін қоя отырып тыңдайды.

Автор,жанр,кейіпкер ұғымдарымен таныс болады.


Балалар түсініктерін,ойларын ортаға салады.

Дидактикалық ойынның шартымен танысып,мақсатына жетуге тырысып қызығушылықпен ойнайды.

Рефлекцифті коррекциялаушы

Мұғалім балалардың ойымен бөліседі.Сұрақтар қояды.

Балалар біз бүгін қандай сабақ өттік

Автор,жанр дегеніміз не

Ертегі ұнады ма,кейіпкерлері кім

Сабақта не қиын болды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,ойларымен бөліседі.

Көркем әдебиет

Күтілетін нәтиже Білу: Көркем сөйлеу Өзіне үйренгені: Шығарманы ролге бөліп ойнау Үйрету: Автор,жанр,кейіпкер ұғымдарын түсіндіру.



© 2010-2022