Сабақ жоспары: Ыдыс дизайны 3сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

25.01.16ж. Сабақтың тақырыбы:Ыдыс дизайны.

Сабақтың мақсаты:

а)оқушыларға ермексаздан ыдыс-аяқ жасату.

ә)оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін, қиялдарын дамыту.

б) ұқыптылыққа, әдемілікке, эстетикалық еңбек сүйгіштікке,жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:ыдыс-аяқтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық тренинг жасау.

II .Құралдарын тексеріп,не жасайтынын хабарлау.

III . Мүсіндеу. Ыдыс дизайны.

Өте ерте дәуірлерде ыдыс-аяқты балшықтан жасаған. Олар балшықтың жұмсақ та икемді екенін байқады. Балшықты жұмсарту үшін олар оны дымқыл күйде пайдаланды. Ежелгі адамдар балшықты қамырша илеп, шелпекше созды, ал шетін майыстырды.Уақыт өте келе балшықтан істелген ыдыстарды пеште күйдірді. Ыдыс берік те әдемі бола түсті. Мұндай ыдыстарды Грекияда жасағын. Сөйтіп, балшықтан берік шәйнек, кесе, бетперделер жасалады.

Біз бүгінгі сабақта ермексаздан ыдыс-аяқ жасаймыз.

Ермексаз -жұмсақ материал. Әр түсті ермексазды зауытта химиялық жолмен дайындайды.

Оқулықпен жұмыс. Тегене жасау.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Ермексаздан дөңгелек шар жаса.

2.Шарды бас бармағыңмен басып отырып, жиегін шығар.

3.Тегененің ернеуін шығару үшін жасыл түсті ермексаздан ширатпа дайында.

4.Осы ширатпаны тегененің жиегіне жапсырмала. Тегененің ортасын тауып, белгіле.

5.Жіңішке ширатпалар дайындап, оны ие отырып, ою жаса.

6.Оюды тегененің ортасына орналастырып, айналасына жолақ жүргіз.

үлгіге қарап тегене жасаймыз.

І Y. Қорытынды .Сұрақ-жауап.

1.Қазақ халқы сусын ішу үшін қандай ыдыс түрлерін пайдаланған?

2.Ас ішуге қандай ыдыстар пайдаланған?

3.Ожау не үшін қажет?

4.Ожаудың қандай түрлерін білесіңдер?

Бағалау .Аяқтамаған оқушылар аяқтап келеді.


© 2010-2022