Сауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпіСауат ашу пәнінен Г дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсат-

міндеттері

А)білімділік:

Оқушыларға Г дыбысы мен әрпінің емлесі туралы білім беру. Орфографиялық жазу, сауатты оқу, дыбыс түрлеріне ажырату дағдысын қалыптастыру.

Ә)дамытушылық

Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту. Сөйлемді дұрыс құрау, өз ойын айқын да дәл жеткізу дағдыларын арттыру.

Б)тәрбиелік

Ұқыптылыққа, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетіне баулу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

Дамытпалы

Сабақтың әдістері:

Сұрақ-жауап,үлгі ету, әңгімелесу,талдау-жинақтау.

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

АКТ құралдары, суреттер, кеспе буын

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Дүниетану , математика

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқу құралдарын даярлау;

- сабаққа назар аудару

Психологиялық дайындық

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн, қайырлы!

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық Жұмбақ жасыру /Әріп жұмбақ/ «Егіз» десек екінші, «Сегіз» десек үшінші. Бұл немене балалар, Өзің қарап түсінші? /Г әрпі/ Аналарға сыйлайтын, /Сөз жұмбақ/ Аралар бал жинайтын. Бұл қайсы әріп екенін Үзуге адам қимайтын. /Гүл/

«Гүл» деп айтсақ сөздің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру

Өте жақсы. Енді Г дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба? Дыбыс жасау үшін кедергі келіп тұр. Көк текшемен белгіленген.

Г дыбысының дауыссыз дыбыс екендігіне тоқталып, артикуляциясын түсіндіру.

Г- тіл ортасының қатты таңдайға тиіп, кері қайтуы әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын ұяң дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қазақ тілінде Г дыбысы тек қана жіңішке дауыстылармен /ә,е,ү,ө,і/ тіркесіп айтылады.

Жіңішке дауыстылармен /ә,е,ү,ө,і/ Мысал келтіру

Г дыбысы сөздің басында сирек қолданылады. Сөздердің аяғында келмейді.

-Оқушылардан мысалдар сұрау

-Г дыбысы кездесетін басқа қандай сөздер білесіңдер?

Ой қозғау

Гүл суреті

-Не байқадық?

-Әріптар мен дыбыстар туралы не айтуға болады?

Гүл-3әріп, 3дыбыс,1 буын

Г-дауыссыз

Ү-дауысты

Л-дауыссыз

«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау

Гүл-әсемдік символы.Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.

Оқулықпен жұмыс

  • Тақырыпты тану

-Г дыбысының баспа түрі

-Г әрпіне зер салып қарайықшы, неге ұқсатуға болады?

/шалғы, 7 санына/

  • Сөздерді оқу, оқыту

/сөздерді мұғалім-жартылай -оқушының жалғастырып оқуы/

Ше-ге

  • Сөздік жұмыс

Егін- бидай егілген алқап.

Егіз- бір сәтте,бір уақытта бірге туған екі бала.

Егеу-еңбек құралы.

Кереге-киіз үйдің бөлшегі.

Бетеге- шөп.

Шеңгел-тікенек тұқымдас өсімдік.

Мезгіл- уақыт/жыл мезгілдері: жаз, күз,қыс, көктем/

Балалар біз сонымен қатар Н. Баймұхамедов деген жазушы атамыздың«Ақ көгершін»

/Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы/

деп аталатын өлең жолдарымен танысатын боламыз.

Н. Баймұхамедов 1904-1969 Орал облысы Жымпиты ауданы №1 ауылда туған. Жазушы, аудармашы.

Әдеби редактор қызметін атқарған.

«1941-9145 ж Ұлы Отан соғысындағы ерлігі» үшін медалімен марапатталған.

Ақ көгершін-бейбітшілік құсы. Достық пен бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің символы. Халқымыз ақ құстарды жақсылық нышанына балап, біздің балалық шағымыздың танымал әннің қаһарманы -көгершін құсы.

Оқушылар тізбектеп оқуы

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс

  • Дұрыс жазу ережесін еске салу

Электронды оқулық арқылы Г әрпінің жазылу ережесімен танысады.

V.Сабақты бекіту

1Гүл күлтесі

2

5

3

4

Әрбір күлсінде тапсырмалар жасырылған

  1. Сурет бойынша әңгіме құра.

  2. «Егін»сөзіне дыбыстық талдау

  3. Жаңылтпаш жатқа айту

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Гүлге қонған аралар гуілдеді.

  1. Г г дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

  2. Г дыбысы бар үш адамның есімдерін ата?

«Ақ көгершін»әуені ойналады.

VI. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, үлгі ету. Гүл беру.



Презентация по грамоту «Г г дыбысы мен әрпі» 1класс

© 2010-2022