Дүниетану 3 сынып Қан кеткенде көрсетілетңн алғашқы жәрдем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану

Тақырып: Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Мақсаты:

1.Білімділік мақсат: Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерімен таныстыру.Топ арасында адам өмірінде қан айналу жүйесінің маңызына қорытынды жасау.

2.Дамытушылық мақсат:Әр түрлі жағдайда қан кетудің себебін анықтай білу.

3.Тәрбиелік мақсат: Қан кету кезінде дәкені байлаудың жолдарын үйрету және көрсету.

Алғашқы жәрдем көрсете білуге баулу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:Мұғалім,дәрігер түсіндірмесі, сұрақ-жауап,5 жол өлең жазу,ой-қозғау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де, «сіз».

Бар адамға құрметпен,

Сәлем бердік !

«Кім шапшаң!» ойыны. Шашылған әріптерді жинап сөз тіркесін оқу.

Іске сәт!(Баршамызға бүгінгі күнге сәттілік тілейміз !)

Бүгінгі сабағымыздағы біздің ұранымыз «Ағаш - өмір, білім - жапырақ »

Бүгінгі сабағымыз табиғатқа саяхат сабағы. Табиғат дегенде біздің көз алдымызға бірінші орман келеді.Ендеше алғашқа саяхатымызды орманнан бастайық .Орманда келе жатсақ бізге кімдер кездесті? Балалар. Бұл балалардың бізге тапсырмалары бар екен, ендеше соны орындайық.

Ол мына сияқты тест тапсырмаларына жауап беру екен.

1. Қан айналымдағы негізгі ағза:

а) бауыр ә) өкпе б) ми в) жүрек

2.Ең ұсақ қан тамырлары:

а) ұсақ қан тамырлары ә) көк тамыр

б) артерия в) аорта

3. Жүректен қанды таситын тамырлар:

а) ұсақ қан тамырлары ә) артерия

б) бұлшық ет в) аорта

4.Жүрекке қан таситын тамырлар:

а) бұлшық ет ә) қаңқа

б) көк тамыр в) артерия

5.Тыныштық жағдайдағы адамның тамыр соғысы:

а) 1минутта 90 рет ә) 1 минутта 60 рет

б) 1 минутта 50 рет в) 1 минутта 100 рет

Оқушыларға орындауға 3минут уақыт беріледі. Жауаптарын қатар отырған екі оқушы бір-бірін тексереді.

Қатесіз орындалса-«5» , бір қатеге- «4», екі,үш қатеге - «3» одан төмен жауап бағаланбайды.

Одан ары қарай жүріп келе жатып екі немересімен серуендеп жүрген атайға кездестік.

Ол кісі де бізге өз тапсырмасын ұсынды .Ол кісінің тапсырмасын оқып көрейік.(бір оқушы тапсырманы оқиды) (5 минут)

Қан

Қан сұйық, қызыл

Қан ақты,аралады, ұйыды.

Қып -қызыл қан суша сорғалады.

Қан ағзадағы сұйық. (жұптар дауыстап оқу арқылы өлеңдері тексеріледі)

Сергіту сәті:

Жадыраған күндейміз, күндейміз!

Жайнап өскен гүлдейміз,гүлдейміз!

Тұнық таза ауамыз, ауамыз!

Сылдыраған сумыз біз, тазамыз, тазамыз!

Жаңа сабақ:

Кіріспе

Келе жатып екі балаға кездестік. Олардың біреуі қолын жаралап алыпты. Екіншісі оған сұрақ қойып тұр. Қанның азаюы адам өміріне қауіпті ме? Ал балалр сендер қалай ойлайсыңдар.Түсіндіріп мысал келтірейік.

Ендеше балалар бүгін біз қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы білеміз.

Мақсатымыз қан кеткен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерімен танысу. Әр түрлі жағдайдағы қан кету себебін және оны анықтау.Қан кету кезінде дәкені байлау жолдарын үйрену және көрсету.

Көрсетілетін алғашқы көмек жөнінде бізге Жанна Бағытжанқызы түсінік береді.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушылар абзац бойынша оқиды, оқығандары бойынша ойларын айтады.

Сонымен қан кетудің неше түрі бар екен? 3 түрі бар.

Қандай-қандай түрлерін білдік?

Қызыл тамырдан қан кету.

Көк тамырдан қан кету.

Ұсақ қан тамырларынан қан кету.

Сарамандық жұмыс.

1-сарамандық жұмыс.

Қан кеткенде қолды қалай таңу жолдарын көрсету.

2-сарамандық жұмыс.

Мұрыннан аққан қанды тоқтату.

Ауысып бір- біріне көрсету.

Ой-қиял. Түсініктеме хат жазу.

1-тапсырма. «Ағзадағы қанның рөлі»

2-тапсырма: «Алғашқы медициналық көмек көрсету»

Хат талқыланып, Адам өміріндегі қан айналу жүйесінің маңызына қорытынды жасалады.

Қосымша мәлімет:

Сен білесің бе?

Қанның құрамы туралы түсінік беру.

Үйге тапсырма:

25-27 беттер,жарақат алған жерді дәкемен орауды ата -аналарына көрсету.

Бағалау:

Сабақ бойы алған дәрумен жемістердің санына қарай оқушылар бағаланады.


© 2010-2022