Әдебиеттік оқу. Жақсы мен жаман. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі

31.01.2013

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың атауы

Жаман мен жақсы. Қ.Баянбай

Жалпы мақсаты

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету. Сауатты, мәнерлі оқуға дағдыландыру. Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Өлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп, мәнерлі оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді анықтайды.

Негізгі идеялары

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыру. Оқушыларға өзіне есеп бере білуге дағдыландыру. Өз бойындағы жаман қасиеттермен күресе білуге үйрету. Өзіне деген сенімін арттыру.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу. 2 топ.

1-топ ұраны:

Бес болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

2-топ ұраны:

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

Үй тапсырмасы

Эссе «Мен сен үшін ұялдым». Мәтінге жоспар құру.

Жоспар мен эсселер оқылады. Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі

1. Сауатты оқу.

2. Мақал-мәтелдер айту.

3. Сұрақтарға жауап беру.

4. Өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді анықтай білу.


І. Қызығушылы- ғын ояту.

Екі топқа ребус шешуге беру.

Сабақтың тақырымен таныстыру.

Ребусты шешеді: «Жақсы», «Жаман»

ІІ. Мағынаны тану.

Автор Қастек Баянбай туралы мағлұмат беру. Әр топқа таратылады.

1-тапсырма: Өлеңді екі жолдан оқып шығу.

2-тапсырма:

Мақал-мәтелдер сайысы. Әр топқа 2 мин уақыт беріледі.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Автор туралы мағлұматпен танысады.

1-топ: Жаман қасиеттер

2-топ: Жақсы қасиеттер

Әр топ мақал-мәтелдерді айтып, көп айтқан топ мадақталады.

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Сергіту сәтін өткізу

ІІІ. Ой-толғаныс.


Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді анықтау.

Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді жазып, жаман қасиеттерден қалай арылуға болатынын айтады.

Кері байланыс жасау

Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.

Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды бағалау

Бағалау критерийі бойынша оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру.

Шығу парағын толтыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.

Мағлұмат: Балалар жазушысы Қастек Баянбай 1936 жылы қараша айының 15 жұлдызында Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Өзі туып өскен ауылы жайлы жазушы былай деп тебіренеді: «... Тау бауырындағы жасыл баққа бөленген менің ауылымды Талдыбұлақ дейтін. Ауылды ортасынан қақ жарып өтетін бұлақтың жағасы саусақтың саласындай самсаған көк өрім тал болатын. Жер аты осыдан шықса керек, сірә. Салқын сулы тұмалары және көп. Солардың ішіндегі ең атақтысы - Қаратұма. Суы қысы-жазы бірдей мұздай суық. Жерлестерімнің көбі ауыз суды осы тұмадан алады. Алысқа кеткенде аңсап жүреді. Аптасына бір рет өз еркімен Қаратұманың көзін аршып, ернеуін жағалай кесек көк тастармен көмкеріп, тәртіпке келтіріп жүретін Торымхан апайды еске алады. Ауылымның сарқылмас қара сабасындай сол қайнарды қазір мен де сағынамын. Кейде түсімде етбеттей еңкейген күйімде тұманың дәл көзінен сіміріп жатамын. Жасырақ кезімде жазған «Қаратұма» дейтін өлеңімде мен оны туған жердің символы ретінде алып, ауылдан шалғайға кеткен адамның аңсау сезімін айтып беруге тырыстым». 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971-1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.


© 2010-2022