Қазақ тілі тест 2 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Етістік дегеніміз:

а) Заттың атын білдіретін сөздер ә) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер б) Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

в) заттың іс - әрекетін білдіретін сөздер

2. Етістіктің сұрақтары:

А) кім? Кімдер? Не? Нелер? ә) Қандай? Қай?

Ә) Не істеді? Не қылды? Қайтті? в) Қанша? Неше? Нешінші?

3. Дара етістіктер

А) бір ғана етістіктен құралады

ә) екі одан да көп етістіктерден құралады

б) Сөйлемдерден құралады в) қимылды білдіреді

4. Күрделі етістігі бар сөйлемді тап:

А) Көктем келді. Ә) Көктемде жыл құстары ұшып келеді

Б) Сиырлар өрістен қайтты в) Атам атқа су берді.

5. Етістік қазақ тілінде көбінесе сөйлемнің ... жазылады

А) ортасында ә) соңында б) басында В) бас әріппен

6. Сын есім дегеніміз:

а) заттың іс - әрекетін білдіретін сөздер

ә) Заттың атын білдіретін сөздер б) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер в) Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

7. Сын есімдерге ... сұрақтары қойылады

А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? ә) Қандай? Қай?

Ә) Не істеді? Не қылды? Қайтті? в) Қанша? Неше? Нешінші?

8. Сын есімдер ... мәтінін құрайды.

А) әңгімелеу ә) пайымдау б) сипаттау в) ойлау

9. Туынды сын есімі бар сөйлемді тап:

А) Қыздар көктемде әр түрлі киімдер киеді

Ә) Біздің сыныпта қызыл гүлдер көп.

Б) Оқушылар ақылды, тәртіпті және әдепті болуы керек.

В) Алыстан биік таулар көрінеді.

10. Сын есімі бар сөйлемді тап.

А) Кеше күн бұлттанып, жауын жауды.

Ә) Әсет ағасы екеуі құстарға ұя жасады.

Б) Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.

В) Біздің мектебіміз үш қабатты.



© 2010-2022